22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, жаңа жылдың бастауы. Бұл күн – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің мерекесі. Табиғат тіріліп, күн мен түн теңесіп, жаңа өмірдің есігі ашылады. Адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, өкпе-ренішті ұмытып, татулықты дәріптейді. Әр шаңыраққа ырыс-несібе, молшылық пен бақыт тілейміз. Жаңа жыл әрқайсымызға сәттілік пен қуаныш әкелсін! Наурыз құтты болсын!





