ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ-2026
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы √4 лицей -интернатында
21 мамыр күні мектебімізде дәстүрге айналған «Үздіктер шеруі -2026» жыл үздіктерін марапаттау шарасы болып өтті. Бұл шара 2025–2026 оқу жылында білім, өнер мен спорт салаларында биік белестерді бағындырған білім алушыларды марапаттауға арналды.
Іс- шараның мақсаты – оқу жылының қорытындысы бойынша озат білім алушыларды, өнер мен спортта биік жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау арқылы олардың жетістіктерін насихаттап, жаңа жеңістерге ынталандыру.
Шараны мектебіміздің басшысы Серікбаев Ерғали Қазыханұлы салтанатты түрде ашып, білім мен тәрбиеде жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жыл бойы қажырлы еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің нәтижесінде мектебіміздің мақтанышына айналған үздік білім алушылар марапатталды.
Бұл - мектеп ұжымының, ата-аналардың және ең бастысы,білім алушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Мектебіміздің абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген барша жеңімпаздарға алғысымызды білдіреміз!
Алынбаған биік асулар мен жаңа белестер әлі алда. Жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге жетелейтін жол жалғаса берсін!
Біздің үздіктер – болашақ көшбасшылар!





