2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» КММ-де
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар өтілді.
Семинар жұмысына Отырар аудандық полиция бөлімі АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З. Надирова,
Мектеп инспекторы Д. Ерденова,
Отырар аудандық ауруханасының акушер-гинекологы Л. Қонырбаева,
Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының психологы Ә. Маханбетжан
Мектептің әйел қызметкерлері мен 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында:
- Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу;
- Қыздар мен әйелдердің репродуктивті жүйесі және жыныстық сауаттылық;
- Ерте жүктіліктің алдын алу;
- Жат қылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты қарастырылды.