«Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-нің Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балдәурен» бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі 2024 жылдың 01-24 қазан күндері аралығында «Бастауыш – білім бастауы» айлық іс-шарасы жоспарлы түрде жалғасуда. 17.10.2024 жылы 4 «Б» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі – Дулатбаева Гүлмира Тәлетқызы. Сабақтың мақсаты: Өз өлкеңдегі жануарларды жіктеу. Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру. Сабақта оқушылардың жас ерекшелігіне сай қызықты ойындар, қарапайымнан к.рделіге бағытталған әдіс-тәсілдер пайдаланылды, видеоролик көрсетілді.
«Ой қозғау» әдісінде пәнаралық байланыс жүйелі түрде жүргізілді. «Кезбе тілші» әдісі сабақтың көрігін аша түсті. Топтық жұмыс жүргізілді. Кері байланыс жасалды.
Барлық тапсырмалар дескрипторымен жүйелі пайдаланылды. Сабақ талапқа сай, өз дәрежесінде өтті.