Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
18-Наурыз Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім — әр халықтың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрлерін айқындайтын ерекше құндылық. Ол тек адамның сыртқы көрінісін емес, оның ішкі әлемін, дүниетанымын көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық киімдері табиғатпен үндесіп, ұлттық болмысымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазақтың киімдері әр түрлі жағдайға, маусымға және салт-дәстүрге сай сәнделіп, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығынан хабар береді. Сонымен қатар, ұлттық киімдер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, қазақ халқының өзіне тән ерекшелігін көрсетіп келеді. Әр киімде, оның әр тігілген сыры мен мәні бар, олар халқымыздың өмірі мен тарихын бейнелейді, сол арқылы ұлттың мәдениеті мәңгі сақталады.