Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

Оқуға құштар мектеп»

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Өзбекәлі Жәнібеков лицей интернаты кітапханасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ,

14 –ақпан халықаралық кітап сыйлау күні мерекесіне арнап, «Кітап ең қымбат сый» атты акциясы өткізілді.

Адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Бұл мерекенің мақсаты: барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылылық пен мейірімге толы лебіздер айтып,сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Осы мерекеге орай лицей-интернатымызда "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы өткізілді Мектеп басшысы Серікбаев Ерғали бастағагн әріптестеріміз акцияға белсенді қатысып, өздері оқыған сүйікті кітаптарын шын жүректен сыйға тартты. Бұл атаулы күн 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі –адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.