Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Ресми интернет-ресурс

10 «б» -сынып оқушыларымен «Мен және болашақ мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 06.03.2026ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог Жоребекова Қатира мен сынып тәрбиешісі Алдабергенова Сағыныштың ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 10 «б» -сынып оқушыларымен «Мен және болашақ мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.Мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену.Оқушылар қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.