«Тарих сабағындағы сайыс сабақ» Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың тарихи білімдерін бекіту
- Логикалық ойлау, жылдам жауап беру дағдыларын дамыту
- Топпен жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
«Тарих сабағындағы сайыс сабақ» Сабақтың мақсаты:
"Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты" ККМ 09.01- 31.01.2026ж. күндері "Шежіре" тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» "тақырыбында айлық іс- шарасы барысында: 13.01.2026ж. М. Момбекованың ұйымдастыруымен «Шоқан Уәлиханов –ұлт мақтанышы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру.
Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.
Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу.
Қазіргі заманда балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі ойындар кең таралған. Олардың көпшілігі ой-өрісті дамытып, уақытты пайдалы өткізуге көмектескенімен, кейбір қауіпті ойындар баланың денсаулығына, психологиясына және өміріне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай ойындар көбіне интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралып, балаларды қауіпке толы әрекеттерге итермелейді.
Қауіпті ойындар баланың физикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Биік жерден секіру, қауіпті жерлерде жүгіріп ойнау, өзіне немесе өзгеге зиян келтіруді талап ететін тапсырмалар ауыр жарақатқа, тіпті қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Көп жағдайда балалар қауіптің салдарын толық түсінбейді.
Сонымен қатар, мұндай ойындар баланың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Қорқыныш, мазасыздық, агрессия, күйзеліс сияқты жағымсыз сезімдер пайда болады. Кейбір ойындар баланы оқшаулануға, ата-анамен және достарымен қарым-қатынастың нашарлауына себеп болады.
Қауіпті ойындардың тағы бір зияны — мінез-құлыққа әсері. Балалар ережелерді елемеуге, жауапсыздыққа, тәуекелге бейім бола бастайды. Бұл олардың оқу үлгеріміне, тәртібіне және болашақ өміріне кері ықпал етеді.
Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдер балалардың немен айналысып жүргеніне назар аударып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Балаларды қауіпсіз, пайдалы ойындарға бағыттау, бос уақытын спортқа, кітап оқуға, шығармашылыққа арнауға үйрету — маңызды міндет.
Қорытындылай келе, қауіпті ойындар — баланың өмірі мен денсаулығына төнген үлкен қатер. Әрбір бала қауіпсіз ортада өсіп, саналы таңдау жасай алуы үшін үлкендердің қолдауы мен бақылауы қажет.
Түркістан облысы,Отырар ауданы,Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаты мектеп кітапханасында, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Оқуға оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, 8-сынып оқушылары арасында Д.Қонаевтың туғанына 114-жыл толуына орай, "Ғасырдың дара перзенті!» атты тәрбие сағаты өткізілді.Д.Қонаевтың оқушылар өмірбаяны,еңбектері,марапат,медалдары туралы айтып берді.Д.Қонаевтығң қанатты сөздері,ол кісі туралы зиялы адамдардың естеліктері баяндалды.
«Мектепке кітап сыйла»
Өтен Руслан, Құттыбек Нұрбек, Қасқырбай Ержан, Нұрлан Исмайл және «Ауылға кітап» жобасының жетекшісі Кененбаев Диас мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады.
Бұл игі іс – өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білім мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды қадам.
Ұйымдастырушылар мен демеушілерге мектеп ұжымы мен оқушылар атынан шынайы алғыс білдіреміз. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің 2025 жылғы 28 қарашадағы 25/7742 кіріс хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 7-9 қаңтар күні Алматы қаласы, Сүлеймен Демириль университетінің базасында “Педегогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсы болып өтті. Нәтижесінде Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәдірбек Балжан Қайратқызы жүлделі 3- орынға ие болып Түркістан облысының үмітін ақтады. Фестивалдің негізгі мақсаты: педагогтардың шығармашылық әлеуетін қолдау, кәсіби дамуына ықпал ету және Қазақстан мектептері мен басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін тарату болып табылады. ТEDx форматында өткізілген байқауда білім беру сапасын арттыруға, жаңа буынның білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуетін дамытуға бағытталған педагогикалық идеясын авторлық тәсілдерін, өз жобасының жаңашылдығын, тиімділігін көрсете біліп нәтижеге жеткен Балжанды құттықтаймыз!
Пайдалы кездесу - нақты бағыт!
Мектебімізде өткен мотивация сабағында
мектебіміздің үздік түлегі,
Nazarbayev University магистранты,
SDU University түлегі әрі staff мүшесі,
Exchange Program alumni спикеріміз
оқушылармен мазмұнды әрі пайдалы кездесу өткізді
Кездесу барысында спикер:
ҰБТ-ға дайындықтың тиімді жолдарын
IELTS тапсырудағы нақты стратегияларды
шетелдік университеттерге түсу кезеңдерін
барлық процесті қадам-қадамымен
өз тәжірибесіне сүйене отырып түсіндірді.
Бұл кездесу оқушыларға
тек ақпарат қана емес,
өзіне деген сенім
нақты мақсат
әрекетке деген мотивация сыйлады.
Осындай шабыт беретін кездесулер
алдағы уақытта да жалғасын табады!
Келешек мектептерінің басшылары мен ұстаздарына әдістемелік көмек көрсету басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Келешек мектептерін басқару моделі ретінде айқындалды. Аталған жұмыс аясында қаңтар айының 5-8 аралығында еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлері базасында ұстаздарға арналған біліктілікті арттыру курстары мен мастер кластар ұйымдастырылуда. Бұл курстарда физика, химия, биология, информатика, жасанды интеллект, мектеп зертханасын пайдалану дағдылары, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру әдіс- тәсілдері оқытылады.
Еліміздің 20 өңірінде өтіп жатқан семинарлар «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» және «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыптарына арналған. Оған 170 Келешек мектебінен мектеп директоры мен олардың орынбасары және физика, химия, биология, информатика пәндері, STEAM және робототехника кабинеттерінің 1700-ге жуық педагогі қатысып жатыр. Аталған жұмыстардың бәрі де «Келешек мектептерін» тек жаңа ғимарат ретінде емес, мазмұны терең, сапалы білім беру экожүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетсек, елімізде мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында 460 мың оқушыны қамтитын 217 мектеп салынды. Оның 84-і ауылда ашылды. Бүгінгі таңда мектептердің 170-інде оқу процесі басталды. Бұл инновациялық білім орындарының бұрынғы типтік мектептерден көлемі 15–20%-ға үлкен, техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Барлық келешек мектептері физика, химия, биология, еңбекке баулу, музыка, хореография залы, STEM-зертханалары мен робототехника кабинеттері, коворкинг және спорт залдарымен жабдықталған.
Бүгінде негізгі мақсат оқушылардың тұрғылықты жеріне, отбасы жағдайына қарамастан сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасау. Болашақта «Келешек мектептерінің» стандарттары, әдістемесі, басқару жүйесі еліміздің барлық мектептерінің дамуына негіз болады.
"Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты" ККМ 09.01- 31.01.2026ж. күндері "Шежіре" тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» "тақырыбында айлық іс- шарасы басталды. Ашылу салтанатына аудандық Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейі МКҚК Бөлім меңгерушісі Әбжаппар Жанболат Оралбайұлы және суретші, қалпына келтіруші Оралбеков Шалатай музей жәдігерлерін оқушыларға таныстырды.
Айлық іс-шараның мақсаты: Тарих пәнін оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың тарихи ойлау қабілетін дамыту, дерекпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сабақтың мазмұнын заманауи форматта ұсыну және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 10 сынып ата-аналарымен «Ұлттық тәрбие – отбасынан басталады» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Д. Масанова мен сынып тәрбиешісі С.Алдабергенова жүргізді. Тренинг барысында бала мен ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ойын жаттығулар орындалып, бала тәрбиесіне қатысты сауалнама алынды. Сонымен қатар ата-аналармен ұлттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызы, ата-ананың бала дамуындағы жауапкершілігі туралы пікір алмасу жүргізілді. Тренингке қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, тәрбиелік бағыттағы ұсыныстарымен бөлісті.
«Қысқы демалыста кітап оқимыз» атты оқушылар арасында кітап оқу ұйымдастырылды. Балалардың қуанышты кездері ,қыс мезгілі,дала аппақ қар,айнала өте әдемі кез сүйсінерліктей. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Қысқы демалыс –кітап оқуға таптырмас уақыт. Қысқы демалыс кезеңінде оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында кітап оқуға ерекше көңіл бөлінуде. Кітап-білімнің қайнар көзі, ал демалыс рухани дамудың мүмкіндігі.
Мектебімізде сынып жетекшілеріне арналған «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында арнайы тренинг сабақ өткізілді.
Тренинг барысында педагогтер зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Іс-шара тәжірибе алмасуға және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталды.