“Адал азамат”
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 20-қараша Балалар құқығын қорғау күніне орай мектебімізде “Менің құқығым” тақырыбында қабырға газеттері байқауы өтілді.
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#Құқықтық_тәрбие
Атом құрамы мен құрылысы” тақырыбына химия пәнінен ашық сабақ өткізілді
Сабақтың мақсаты:
Атомның негізгі бөлшектерін (протон, нейтрон, электрон) атайды;
Олардың массасы мен заряды туралы түсінік қалыптастырады;
Атом құрылымын сызбанұсқа түрінде көрсетеді.Оқу бағдарламасына
протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы
орналасу тәртібін, массасын, зарядын білу
Ашық сабақта оқушыларды қызықтыру барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Жи арқылы ақпараттар берілді.Тапсырмалар жұптық,топтық жұмыстар арқылы ұйымдастырылды.
1-4 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
“ЕРЕЖЕНІ БІЛСЕМ, ИНТЕРНЕТ –МЕНІҢ ДОСЫМ”
Ата -аналарды педагогикалық қолдау
тақырыбында педагог- психолог Л.Төлегенова ұйымдастырумен тренинг сабағы өтілді.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында интернеттегі қауіпсіз мі-
нез-құлықтың негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру.
#Тәрбие_саласы
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Құқықтық_тәрбие
Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ -де 21 қараша 2025 ж. күні Отырар ауданының білім бөлімінің №41-10/1367 от 21.11.2025 ж шығыс хатына сәйкес 20 қараша -Дүниежүзілік балалар күніне орай 7-11 сынып оқушылары "Полиция және балалар- бірге қауіпсіздік үшін" тақырыбында біріңғай мазмұндама жазды. Мазмұндаманың мақсаты : полиция қызметінің балалар қауіпсіздігін қорғаудағы рөлін таныстыру болып табылды
#Тәрбие_саласы
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Құқықтық_тәрбие
«Адал азамат,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Оқитын сынып"»
20.11.2025ж Адал азамат,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Оқитын сынып" жобасы іске асыру мақсатында, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернат кітапханасының ұйымдастыруымен 6а сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Сапарғали Бегалиннің шығармаларына тақырыптық көрме жасалынып, тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар әңғімелерінен,өлеңдерінен үзінділер оқып беріп белсенділік танытты. Біз мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері ғана оқушылардың көркем және көркем емес әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз.!
ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗ-АҒАСЫ ӨЗ ТҰҒЫРЫНА ШЫҚТЫ…
Қуан, қазақ! Сүйінші жаңалық. Шымкенттегі Байтұрсынов - Ильяев көшесінің қиылысында ұлт қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың рухына тағзым ретінде еңселі ескерткіші орнатылды. Қаланың қақ төрінде, тұп-тура Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мемлекеттік педагогикплық Университетінің іргесінде бой көтерді. Қала әкімдігіне және университет ұжымына, барша шымкенттіктерге мың рахмет!
#Тәрбие_саласы
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#Құқықтық_тәрбие
Ұлттық валюта күніне арналған облыстық шахмат турнирі Кентау қаласында үш күнге созылып,жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыста Ө. Жәнібеков атындағы лицей-интернатының жас шахматшылары өз таланты мен табандылығын көрсетіп, көптің көңілінен шықты.
Бүгін мектебімізде өткен тоғызқұмалақ үйірмесі ерекше белсенді өтті. Оқушылар ұлттық зияткерлік ойынды тереңірек меңгеріп, тактикалық ойлау, логикалық шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
-“Өз-ағаның құрметіне еңселі ескерткіштің ашылуы қалың елді қуантты”- дейді қоғам қайраткері Ілесбек Байжанов. “Жол-жөнекей” Ілесбек ағам ескерткіш басында, Өз-ағаның рухына арнайы құран бағыштады. Рахмет саған, Шымкент!
#ЖолжөнекейӨзбекәліескерткіші
Сегодня мы провели увлекательное мероприятие на тему «Умники и умницы»!
Ребята проявили свою смекалку, эрудицию и умение работать в команде. Было много интересных вопросов, ярких эмоций и положительных впечатлений.
Спасибо всем участникам и организаторам за активность и прекрасную атмосферу!
Участники продемонстрировали блестящие знания, уверенность и желание узнавать новое.
Благодарим всех за участие и поддержку!