«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған
«МАМАНДЫҚТАР МАРАФОНЫ »
мектепішілік сайысы өтті
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған
«МАМАНДЫҚТАР МАРАФОНЫ »
мектепішілік сайысы өтті
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-де 09.01–31.01.2026 ж. күндері «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбында 20.01.2026ж тарих пәнінің мұғалімі Қасымбекова Айымкүл апайдың ашық сабағы 9 сынып оқушыларымен "Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы" тақырыбындағы ашық сабағы өткізілді.
Мақсаты:оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын түсіндіру және әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылығын талдап,түсіндіру.
Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыстар орындалды.АКТ құралдары тиімді қолданылды,барлық бала сабақта қамтылды.Сабақ өте мазмұныды әрі әсерлі өтті.Мұғалім 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын нақты деректер арқылы түсіндірді,себеп-саллары толық ашылды.Мұғалім мен оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптасты.Сабақ мақсатына жетті.Сабақ өте жоғары бағаланды.
Жас шебер үйірмесі
Жас шебер үйірмесінің 6–7 сынып оқушыларына арналған кезекті сабағын үйірме жетекшісі Еркінбек Оразхан өткізді. Сабақтың тақырыбы – қамшы өзегін дайындау. Бұл сабақта оқушылар қазақ халқының ұлттық қолөнерінің бірі – қамшы жасаудың қыр-сырын үйренді. Мұғалім алдымен қамшының тарихы мен тұрмыстағы маңызы туралы түсіндіріп, оның бөліктеріне жеке-жеке тоқталды.
Сабақ барысында қамшы өзегін дайындаудың тәсілдері көрсетіліп, теріні дұрыс өңдеу, өзек салу және оны мықты етіп ширату жолдары үйретілді. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, практикалық жұмыстар орындады. Бұл үйірме оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қолөнерге баулуға үлкен үлес қосты.
Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының 1 курс курсанты , мектебіміздің түлегі Убайдулла Айбар Қанатұлымен кездесу өтті. Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында *"Офицер - батыл мамандық"* тақырыбы аясында 10-11 сыныптың ер балдары әскери курсантпен кездесіп, әскери қызметтің маңызы мен жоғары әскери оқу орындары туралы маңызды ақпарат алды. Кездесу барысында оқушылар болашақ мамандық , Отан алдындағы борыш және әскери білім алу мүмкіндіктері жөнінде пайдалы мәліметтерге қанықты.
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНЕ
ТАБЫСТЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУГЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Емтихан мен ҰБТ қарсаңында оқушылардың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, мазасыздық деңгейін төмендету және өз-өзіне сенімділікті арттыру мақсатында мектеп психологтары Д.Масанова, Л.Төлегенова психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында стресстің пайда болу себептері түсіндіріліп, оны басқарудың тиімді әдістері қарастырылды. Оқушылар өз эмоцияларын тану, бақылау және жағымды арнаға бағыттау жолдарын меңгерді.
Сабақта психологиялық жаттығулар, тренингтік ойындар, тыныс алу және релаксация әдістері, топтық талқылаулар қолданылды. Әрбір әдіс оқушылардың ішкі күйзелісін азайтып, нәтижеге бағытталған ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Тренинг нәтижесінде оқушылардың эмоционалдық жай-күйі тұрақтанып, өз мүмкіндіктеріне деген сенімі артты, алдағы емтихандарға психологиялық дайындық деңгейі күшейді.
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаты мектеп кітапханасында, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115-жыл!
"Бауыржан Момышұлы-ержүрек нағыз батыр иесі" тақырыбында "Оқитын сынып" 6«а» сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Кеңес Одағының Батыры,Бауыржан Момышұлының есімі-ерлік пен адалдық, отансүйгіштің символы. Бүгінгі іс-шарамыз біз батырдың өнегелі өмір жолына, ерлігіне арналды.
Өзбекәлі Жәнібек 95 жылдығына арналған Ұлттық мәдениетіміздің жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
– Қатысушылардың ұлттық мәдениет, рухани құндылықтар, тіл мен ұлттық сана туралы білімін тереңдету
-Кітаптағы негізгі идеяларды түсінуге және сыни тұрғыда ойлауға баулу
-Мәдени мұраға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру, сондай-ақ өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу.
Бүгін мектебімізде Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Айнабек Диханбайұлы атына кабинет ашылды. Айнабек Диханбайұлы 1922 жылы бұрыңғы ОҚО Шәуілдір ауданында дүниеге келген.1942 жылы қаңтарында Ішкі істер министірлігіне қарасты әскерге түседі. 4 жыл
Ұлы Отан соғысына қатысып, Ленинград неміс басқыншыларынан азат етілген соң Прибалтика, Сталинград бағытындағы қанды шайқастарға қатысып, ерліктің ұмытылмас өнегелерін көрсетті. 1948 жылы ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып оралды. Қызылорда Педагогикалық институтын "Үздік" тәмәмдап 30 жылдан аса білім саласында қызмет атқарған."Германияны жеңген медельі " , І -ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен және қазіргі Шәуілдір ауылы орталығынан көшеге есімі берілген. 1970 жылы
"Үздік мұғалім" 1972 жылы "ҚАЗАҚ ССР халық ағарту ісінің үздігі" марапаттарды иемденген.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат" КММ -де 16.01.2026 ж. күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң және тәртіп» айы бойынша Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен жиын өткізілді.
Жиналысты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева ашып, күн тәртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама оқыды.
Келесі Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы бүгінгі іс-шараның мақсатын түсіндіріп ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 2-бөліміне сәйкес яғни он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекі және темекі бұйымдарын сату, нашақорлықтың алдын алу және қоғамдық орындарда қолдану сондай ақ ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 3-бөліміне Кәмілетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 22-00 ден кейін ойын сауық мекемесінде болуы, ҚР ӘКТтК-нің 200 бабының 1-бөліміне Кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 23-00 ден кейін ата-анасыз жүруі, ҚР ӘКТтК-нің 127 бап Ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің балалар тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы , ҚР ӘКТтК-нің 127 бабының 1-бөлімімен Кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде болуына жол беру , ҚР ӘКТтК-нің 435 бап кәмілетке толмаған адам жасаған бұзақылық , алькогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу сияқты заңның баптарымен таныстырып өтті.
«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-де 09.01 -31.01.2026 ж. күндері «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбындағы айлық іс-шарасы барысында: 15.01.2026 ж. Тарих пәнінің мұғалімі Қасымбекова Айымкүлдің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына арналған «Әлихан Бөкейханов-ұлт ұстазы!» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Алаш қозғалысының рухани көсемі, Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, «Алаш» идеясының тарихи маңызы жайлы , еркін пікір алмасуы арқылы кең түрде мағлұмат беру. еңбектерінің құндылығын, Әлихан -тек бір дәуірдің емес ,мәңілік елдің символы.Оның арманы -азат,білімді,бірлігі бекем қазақ ел болуы еді. Оқушылардың бойында еліміздің біртуар тұлғасының мұрасына деген қызығушылық сезімін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.
«Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты» КММ-де 09.01 - 31.01.2026 ж. күндері «Шежіре» тарих, құқық негіздері пәні әдіс бірлестігінде «Тарих сабақтарындағы ЖИ: жаңа формат, жаңа көзқарас» тақырыбындағы айлық іс-шарасы барысында:14.01.2026 ж. Тарих пәнінің мұғалімі Бердиярова Майраның ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына арналған «Міржақып Дулатов – ұлт рухын оятқан қайраткер» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Алаш қозғалысының рухани көсемі, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, «Алаш» идеясының тарихи маңызы жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы мен еркін пікір алмасуы арқылы кең түрде мағлұмат беру. Міржақып еңбектерінің құндылығын, оның ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлін талдау. Оқушылардың бойында еліміздің біртуар тұлғасының мұрасына деген қызығушылық сезімін ояту және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар қайраткердің ағартушылық жолы мен саяси еңбектерін жан-жақты талқылап, белсенділік танытты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.
Тақырыбы: «Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі»
Экскурсияның мақсаты
Оқушыларды өңір тарихындағы Тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалармен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерге деген құрметті арттыру.
Өлкетану үйірмесіне қатысатын 5 сыныптар оқушыларымен «Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық» музейіне мұражайлар мен көрмелерге экскурсия жасадық. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – қазақ тарихының алтын қазығы. Бұл музейге саяхат жасау – өткенді тану, Тәуелсіздікті қадірлеу және ұлттық рухты нығайтудың маңызды жолы. Қорытындылай келе, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі – өткен мен бүгінді жалғайтын қасиетті мекен.
Оқушылар алған білімімізді алдағы уақытта зерттеу жұмыстарында және өлкетану жобаларында пайдалануға дайынбыз.