Түркістан облысы
Отырар аудан
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Аналар күні,Халықаралық отбасы күні және Әкелер күніне челленджі
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, демалыс кезіндегі оқушылардың су, өрт, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы жөнінде 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Жиынға Отырар ауданы Төтенше жағдай бөлімі
№9ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ө. Меңлібаев пен мектеп инспекторы Б. Қапалбайұлы оқушыларға аудан көлеміндегі рейдтік шаралар мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін айтты. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С. Тәжібай «Балалар қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқып ережелермен таныстырды.
Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 12.05.2025ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог Жоребекова Қ мен сынып тәрбиешісі Аманжолова О ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 6 «а,ә» -сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы,қажеттісін таңдай біл» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.Биылғы жыл«Жұмысшы мамандықтар» жылы(Бейнероликке назар аудару) Қазақстанның дамуы үшін білімді де,озат,алғыр,тәрбиелі болуымыз керек.Ой қозғау:«Мен білетін мамандық»1.Жойылып бара жатқан мамандық 2.Жаңадан пайда болған мамандық.«Мыжылған қағаз» ойыны.Жас тілші айдары.Егер мамандық иесі болсаң не істер едің....(ситуациялық шешу) Оқушылар қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.
«Ұрпақтары ұмытпайтын Ұлы Жеңіс»
Ө.Жәнібеков атындағы лицей -интернатта 6"Б" сыныбының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара өтті.
Жеңіс күні-тек мереке ,ғаламат күн емес,ол-тарих,тағзым,тәрбие.Тәбиелік іс-шараның мақсаты орындалды,өрендер өнеріне жоғары баға берілді. Батырлардың есімдері ақталады,Жыр болып жүректерде жатталады.Ғасырдан ғасырларға аңыз болып,Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Құрметті ер азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – елін, жерін, туған Отанын қорғауға әрдайым дайын, жүрегінде патриоттық рухы бар азаматтардың мерекесі.
Сіздердің бойларыңыздағы жауапкершілік, қайсарлық пен отансүйгіштік – қоғамның, ұжымның және отбасының берік тірегі болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір мен табысты еңбек тілейміз.
Әрдайым ел игілігі үшін жасалған еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!
Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернат
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Достығымыз жарасқан елміз” атты іс-шара өтілді.
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен бірлікпен тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт саналарынан хабардар ету. Достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Өзге Ұлт өкілдерінің Республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.
Құндылық: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік.
Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
Құрметті ата-аналар!
Мектеп әкімшілігі 1, 7 және 9 мамыр мереке күндері қарсаңында балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады.
Балаларға келесі жерлерге баруға қатаң тыйым салынады:
Табиғат аясына, тоғайға, өзен-көлдерге, "маевка" ұйымдастыруға;
Виньеткаға түсеміз деп мектептен тыс жерлерге өз бетімен шығуға;
Суға шомылуға, балық аулауға;
Түркістан, Арыстанбаб, Ақмешіт сияқты киелі орындарға өз бетімен баруға;
Кешкі, түнгі уақытта үйден тыс жүруге, көкпар секілді іс-шараларға қатысуға;
Жолда жүру ережелерін бұзуға.
Ең басты назар – бала өмірінің қауіпсіздігі!
Баршаңызды осы ескертулерге түсіністікпен қарап, балалардың қауіпсіздігін бірлесе қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры- Серікбаев Ерғали Қазыханұлы
ДТІЖО- Тәжібай Сержан Әлменұлы
ДТІЖО- Жақашева Айнұр
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө. Жәнібеков атындағы √4 лицей - интернат базасында 29 сәуір 2025 ж күні «Таңдау құқығы» ұйымының ұйымдастыруымен «Менің өмірім – менің мүмкіндіктерім» жоба бастамасы бойыншы 9-11 сынып оқушыларының білім алу мүмкіндіктерін арттыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ол қазақстандық және халықаралық білім гранттарын, сондай-ақ өзін-өзі дамытудың басқа мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамту мақсатында кездесу кеші болып өтті. Кездесуде болған спикерлер:
1. Ерасыл Төлебаев - «Болашақ» бағдарлама түлегі, тақырып : ОҚУ ГРАТТАРЫ мен МҮМКІНДІКТЕРІ жөнінде айтылды
Келген әр спикер өзін таныстырып өз шеберлік сабақтарына шақырып балалар таңдаулары бойынша топтарға бөлініп сабақтарына қатысты.
a. Экотуризм – Эллада Алавердиян спикер, туризмге байланысты тақырып
b. Дизайн - Нургуль Хамитова
c. Шығармашылық және қолөнер – Моник Хаенен, мастер - класс керамикалық бұйымдарды бояуға балаларды баулу сабағын өтті
d. Бизнес және кәсіпкерлік - Карлыгаш Байбаченова, 4 мебель фабрикасының иесі, бизнес өкілі
e. Маркетинг СММ - Луиза Мальсагова, фото видео түсіру, монтаждау, әлеуметтік желімен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндірді
f. Қаржылық сауаттылық - Динара Салханова, қаржына қалай басқару керектігі бойынша кездесу
g. Музыка - Мадина Бекмадиева (виолончель / скрипка) , Ботагоз Калиева виолончель / скрипка), Алия Кельдыбаева (продюссер) – музыка саласы туралы мастер класстар өткізіп мектебіміздің 9 сынып оқушысы Рысқұлбек Жамиләны Түркістан қаласында өтетін қорытынды гала концертте ән шырқауға шақырды.
Апта дәйек сөзі: «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»
Тәрбиеші: Алдабергенова Гүлзира
Күні: 29.04.2025ж
Сынып: 3 «А,Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Мақал-сөздің азығы,жұмбақ-ойдың қазығы »
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың маңызын түсіндіру;
Тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;
Халық даналығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Құндылық: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,шарлар,жалаушалар т.б.