Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
Далалық оқу жаттығу жиыны.

Далалық оқу жаттығу жиыны.

Ө.Жәнібеков атындағы 4 лицей -интернат КММ

Далалық оқу жаттығу жиыны.

Отырар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің 2025 жылғы 28 сәуірдегі N 2358 бұйрығы , аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі N 112 бұйрығына сәйкес 10 сынып оқушыларына арналған далалық әскери оқу-жаттығу жиыны 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында мектеп базасында өткізілді.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Мамақ Мейрамхан оқу-жаттығу жиыны барысында оқушыларға саптық дайындық, әскери тәртіп негіздері, тактикалық дайындық, атыс дайындығы сабағында қауіпсіздік ережелері мен әскери құралдармен жұмыс жүргізу тәртібін түсіндіріп, тәжірибелік сабақтар өткізді.

Оқушылар далалық жағдайда әскери дайындықтың негізгі элементтерін меңгеріп, тәртіп пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруда. Сабақтар қызықты және мазмұнды ұйымдастырылып, жас жеткіншектердің патриоттық рухын арттыруда үлкен рөл атқаруда.

  • Отан үшін отқа түс күймейсің! Б. Момышұлы.