Выберите язык

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда

Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 7–11 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында сала мамандарының қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында суицидтің алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің өз қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және көмекке жүгіну мәселелері қамтылды.

Семинар-тренингке қатысқан сала мамандары оқушыларға аталған бағыттар бойынша маңызды ақпараттар беріп, өмірлік жағдайларға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Мұндай алдын алу шаралары жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.