Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интенатында
"Мектебім,саған мың алғыс!" тақырыбында салтанатты іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға арнайы қонақ ретінде Отырар ауданының әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы, Түркістан облысының маслихат депутаты Сейітжанов Нұржан Серікжанұлы,Білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы қатысты.
Аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы мектеп бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, оларға өмір жолында сәттілік пен табыс тіледі. Сонымен қатар, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруда қоғамның рөлін атап өтті.
Мектеп директоры Серікбаев Ерғали Қазыханұлы мектеп бітіруші түлектерге және қонақтарға тілектерін білдіріп, мектеп жетістігімен бөлісті.
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 2024-2025 оқу жылының басында 1063 білім алушымен бастасақ, оқу жылының соңын 932 білім алушымен аяқтағалы отырмыз. Оның 64-і бітіруші түлектер.
Оқу жылының қорытындысы бойынша 170 оқушы үздік, 285 екпінді оқушымен аяқтағалы отырмыз.
Негізгі орта білім бойынша 9 сыныптарда 9 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Бітіруші 11 сыныптар бойынша үздік оқып, білім алған 6 түлек «Алтын белгіге» және 6 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып тіркелді.
Биылғы жылы мұғалімдеріміз бен білім алушыларымыз түрлі деңгейдегі білім бәсекелеріне қатысып, аудандық кезезеңінен 89 оқушы марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алған 24 оқушының 18 - і марапатталды. Соның ішінде ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңінде география пәнінен 10-сынып оқушысы Мушанов Арман (жетекшісі Абишова Клара) ІІІ орын, математика пәнінен 10-сынып оқушысы Бектас Інжу (жетекшісі Мылтықбаева Арайлым) ІІІ орын, құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Қашқынбай Шапағат (жетекшісі Қанибекова Индира) ІІ орынды иеленіп, мектебіміздің мерейін үстем етті.
2024-2025 оқу жылында мұғалімдер арасында өткен түрлі байқаулардың аудандық кезеңінде 32 мұғалім түрлі деңгейде марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алған 9 мұғалімнің 7-еуі жүлделі орындардан көрінді.
Жыл сайын ауылдық жерлердегі 6 – сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтап, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретін «Мың бала» жобасына Республика бойынша 66 мың оқушы қатысса, мектебімізден 13 оқушы екінші кезеңге өткен болатын. Бүгінгі күні 6 лицей сыныбының 3 оқушысы, Әшірбек Мансұр, Үсен Айбар, Пәрмен Анел жеңімпаз болып отыр. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі, Мылтықбаева Арайлым.
Осылайша олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.
Сонымен бірге, мектебіміз наурыз айында өткен «Ауыл мектебі-жаңа мүмкіндіктер арнасы» республикалық семинарына қатысып, облыс бойынша жұмыс жүргізіп келе жатқан 17 тірек мектептер арасында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасының қатысушысы және білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін арнайы «Тірек мектеп» сертификатына ие болды.
Мектебіміздегі игілікті істің бәрі елдің болашағы- жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалынып жатыр. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, мектебімізді бұдан 40,20 жыл бұрын бітірген түлектеріміздің өзінің ыстық ұясына, ізгі ниетпен демеушілік әрекеті үшін мектеп ұжымы атынан үлкен алғысымды білдіремін.
40 жыл бұрын бітірген түлектеріміз мектеп ауласына 40 түп алма ағашын егіп, сауапты іс жасаса, 20 жылдық түлектердің ұйымдастырумен бастауыш сыныптарға арналған спорт алаңы жасақталды.
Ағымдағы оқу жылының тағы бір жағымды жаңалығы- мектебіміз республика көлемінде «Ақылды мектеп» пилоттық жобасының қатысушысы ретінде жоспарлы жұмыстарды бастап кетті. Жоба аясында да біздің білім ордасына бірқатар заманауи технологиялық жаңалықтар енгізілуде. Атап айтқанда, мектеп аумағына 20 бейнебақылау камерасы орнатылып, оқу үдерісінің қауіпсіздігі мен тәртібін бақылау деңгейі айтарлықтай артты. Сонымен қатар, жоғары жылдамдықты интернет желісі тартылып, мектеп ішіне Wi-Fi нүктелері орнатылды. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануына, қашықтан оқыту және онлайн платформалармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасады.
Осы шаралар оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттырып, заманауи білім беру стандарттарына жақындауға үлкен мүмкіндік беруде.
Құрметті жас түлек!
Туған жеріміздің мәртебесін арттыратын сіздерсіздер! Біз сіздерге мектеп ұжымы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз.Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!