"Әлемді кітап арқылы танимын"
Отырар аудандық "Отырар" кітапханасының ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасында байқауда жүлделі
ІІІ орын иегері 7 "Г" сынып оқушысы Төленбай Жания Русланқызын шын жүректен құттықтаймыз !!!
Түркістан облысы Отырар ауданы
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты Қазақстан халқы Тілдері мерекесіне арналған "Тіл-Тәуелсіздік тұғыры"тақырыбындағы іс-шаралар жалғасын табуда .Осыған орай "Тілге құрмет-елге құрмет" атты челенджді Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектепке және Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебіне жолдаймыз.
"Жақсы бала, ата - ана қуанышы"
6-қыркүйек күні Ө.Жәнібеков атындағы
лицей -интернатында оқу жылының басталуы жөнінде жалпы ата -аналар жиналысы болып өтті. Онда "KIVa"-буллингке қарсы күресудің бағдарламасының мектепке енгізілуі бойынша мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары KiVa буллинг коррдинаторы Жақашева Айнур баяндама жасап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"KIVa" - буллингке қарсы кұресудің ғылыми және инновациялық бағдарламасы. Бағдарлама құрастырушы - түрік университеті, Финляндия
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
- буллинг профилактикасы;
-араласу;
- Буллингтің жағымсыз салдарын азайту екендігі айтылды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысының жүргізілуі барысы таныстырылды, балалар қауіпсіздігі ескертілді. Сонымен қатар Отырар аудандық білім бөлімінің 03.09.2024 жылғы /41шығыс хаты бойынша интернет-алақтықтың алдын алдын алу бойынша бейне ролик көрсетті.
"Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"
Ұлт мақтанышы, рух сардары, ұлттық тарих пен мәдениеттің жанашыр жасампазы болған Ө.Жәнібековтің есімімен аталатын лицей-интернатта "5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні"мерекесіне орай
"Тіл-тәуелсіздік тұғыры" атты онкүндіктің ашылуы болды.Мерекелік шара 3 тілде жүргізілді.Іс-шаралар жоспары таныстырылды. Тіл-рухани байлығымыздың қайнар көзі,әрбір халықтың тілі-сол халықтың қасиеті,жаны мен сәні.
Қазақстан халқы тілдерінде сәлемдесуді ән әуенімен жеткізген 6 "г" сынып жеткіншектері мен 3тілде жүргізген және құттықтауларын жеткізген шәкірттерге біліммен биіктеп,өнермен өрлей беруіне тілектестік білдірді. Биылғы жылы мерейтойлары өтетін ұлы тұлғалардың еңбектерін оқуға, танып-білуге кеңес берді. Тілім менің ғасырлардан аманат, Ар-намысқа келтірмейік жаман ат, Қазақ болып туылдың ба ендеше, Елің менен жеріңді өзгелерге бағалат!-деп аяқтады.
"Менің Отаным Қазақстан"
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында біріңғай сынып сағаттары өтілді.
Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу
"МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"
Құрметті бүгінгі 1-қыркүйек білім күні мерекесіне келген қонақтармен ата-аналар!
2024-2025 оқу жылының басталуына орай «Мектебім -мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы - білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебімізді 44 сынып жиынтығымен 1-4сыныптар - 351оқушы, 5-9 сыныптар - 514 оқушы, 10-11сыныптар 140 оқушы, жалпы 1005 оқушымен аяқтадық.
«Түркістан облысы бойынша білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің» 2022 жылғы 28 қарашасындағы №908 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес лицей-интернатымыз мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштеріне тоқталар болсам:
- Оқу озаттары – 211 оқушы (23%),
- оқу екпінділері 373 оқушы (40%),
- қанағаттанарлық бағамен аяқтаған 337оқушы (37%).
Жалпы мектеп бойынша білім сапамыз 63%-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда (1, 5%) өсім бар.
Қорытынды аттестаттау нәтижесінде 9 сыныптар бойынша -17 оқушы «Үздік аттестат», 11-сыныптар бойынша 8 оқушы «Үздік аттестат» алса, 7 оқушымыз «Алтын белгі» белгісін қорғады.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 72 оқушының 72-сі өтініш білдіріп, 44 оқушымыз мемлекеттік грант иегері атанды, яғни 61% -ды құрап отыр.
Оқушылардың пәндік олимпиадалармен түрлі байқауларға қатысу нәтижесі:
Аудандық кезеңде: І орын -32; ІІ орын-23; ІІІ орын-22
Облыстық кезеңде: І орын -5; ІІ орын-7; ІІІ орын-10; Алғыс хат-2
Республикалық кезеңде: І орын -1; ІІ орын-2; Алғыс хат-1
Сонымен қатар биылғы оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Сейіт Шапағат (жетекшісі Қанибекова И) қатысып, республикалық кезеңде Алғыс хатпен марапатталды.
Пән мұғалімдерінің пәндік олимпиадалармен түрлі байқауларға қатысу нәтижесі:
"Дарынды бала-талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадаға 4 мұғалім қатысып, 4 мұғалім І орын иеленді. Облыстық кезеңде «Шахмат» үйрме жетекшісі Сүлейменов Қожахмет І орын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жолаушы Жанбота ІІ орын, орыс тілі пәнінің мұғалімі Тұяқбаев Тілеухан Алғыс хатпен марапатталды. Республикалық кезеңге «Шахмат» үйрме жетекшісі Сүлейменов Қожахмет қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ «Өнерлі ұстаз» байқауына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жолаушы Жанбота қатысып, аудандық кезеңнен І орынды иеленсе, облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Сонымен қатар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсілхан Айдана "Әдебиет әлемі" байқауының аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінде бас жүлде иеленді.
Биыл жаңа 2024-2025 оқу жылын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес «Жасанды интеллект негізінде интернет-ресурстар мен платформалармен шығармашылық және сыни ойлауды дамыту» тақырыбында бастағалы отырмыз.
Биылғы оқу жылының оқушы контингенті - МАД – 2 топ, 46 сынып жиынтығын құраса, 1-4 сыныптарда - 335 оқушы, 5-9 сыныптар - 528 оқушы, 10-11 сыныптар - 153 оқушы, жалпы 1016 оқушымен. Сынып жиынтығы былтырғы оқу жылынан 2 сыныпқа артты.
Білім ордасының қай - қайсы да білікті маман - кадрлармен ерекшеленеді.
Мұғалімдер саны – 131
педагог-шебер-1;
педагог-зерттеуші-26;
педагог-сарапшы-30;
педагог-модератор-25 мұғалім.
Тәрбиеші: 51
Биылғы жылдың ерекшелігі – «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық білім баяндамасы аясында 2024-2025 оқу жылында іске асырылатын ЖОЛ КАРТАСЫ .
- мектеп асханаларын жаңғырту үшін кезең-кезеңімен 2024 жылы 5 ауданның асханаларын (Отырар ауданынан Ө.Жәнібеков ат. лицей-интернаты) мемлекеттік жеке әріптестік заңы аясында жүзеге асыру жоспарлануда;
- Кадрлар сапасының үлесін арттыру. Мектепті халықаралық СIS, IB сертификаттарын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізу;
- Мектепте мектеп жасындағы балалар үшін «Бала қонақтайтын отбасы» ауылы жобасын іске асыру;
- LessonStudy тәсілін пайдаланып тәжірибелі мамандардың кәсіби жетілуге бағытталған (бірлесіп жоспарлау, қадағалау, талдау) мектепте ресурстық орталықтардың жұмысын жүргізу;
- лицей-интернат мамандандырылған мектептердің үлесін арттыру аясында 2024-2025 оқу жылында жоба тізіміне қосылды.
Мектептің материалдық - техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріліп, мұғалімдер аудио - кешенді оқу құралдарын пайдалануға қол жеткізіп отыр.
Қорыта келе, «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, білім ордасы балаға тәрбие мен білім беруде аянбай еңбек етіп, тұлға етіп қалыптастыруда қателескен жоқ деп ойлаймын.
Қымбатты оқушылар, ата — аналар және қонақтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!