Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Мектебім-мерейлі мекенім!» тақырыбындағы салтанатты жиынға қатысушы қонақтар!

«Мектебім-мерейлі мекенім!» тақырыбындағы салтанатты жиынға қатысушы қонақтар!

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 2024-2025 оқу жылында жас ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу жолында табысты жұмыстар жүргізілді.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында болашақ ұрпақтарымыздың білім мен тәрбие алудағы заманауи жетістіктерге қол жеткізуі жолында еңбек етудеміз.

Оқу жылын жалпы 44 сынып жиынтығымен, 932 оқушы білім алып аяқтады.

Мектеп бойынша үздіктер: 200

Екпінділер: 376

Білім сапасы: 67 % пайызды құрады

Негізгі орта білім бойынша – 9 оқушы «Үздік» аттестат иеленсе,

Бітіруші 11 сыныптар бойынша 64 білім алушының – 6 оқушысы «Алтын белгі»; 6 оқушы «Үздік» аттестатқа аяқтады.

Жаңа оқу жылында «Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында бала бойына құндылықтарды сіңіре отырып, жұмыс жасайтын боламыз.

Биылғы оқу жылында 120 мұғалім жұмыс басталғалы отыр. Оның ішінде, Педагог-шебер-1, педагог-зерттеуші-25, педагог-сарапшы -25, педагог-модератор-25, педагог санатында-29. 2025-2026 оқу жылы қарсаңында мектеп есебінен 68 оқушы шығарылып, орнына 62 оқушы қабылданды. Жалпы контингент-944. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес сынып комплектісі жасақталды.

Бастауыш білім беру – 16 сынып, 315 оқушы;

Негізгі орта білім беру -21 сынып, 484 оқушы

Жалпы орта білім беру -7 сынып, 145 оқушы

І аусымда 30 сынып, 634 оқушы

ІІ ауысымда 14 сынып, 310 оқушы

Барлығы -44 сынып комплектісі 944 оқушы.

Ұстаздан шәкірт озып жатса, біз тек қуанамыз.

Құрметті шәкірттер!

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады» деп М.Жұмабаев айтқандай, мектеп сіздерге жақсы тәлім-тәрбие беріп, тұлға етіп қалыптастыруда еңбек ететін болады.

Біз, мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерге, алдына қойған мақсатына жетуде үлкен армандары бар, саналы ұрпақты тәрбиелеудеміз деп үміт артамыз және сіздердің қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын тұлға болуларыңызға сенім артамыз!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!