Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Ө. Жәнібеков атындағы нөмері №4 лицей—интернаты.
Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатта "Ағылшын тілі-ынтымақтастық пен болашақ кілті"атты айлық өтуде.
Жоспарға сай әлемдік мәдениет пен өркениет ,ғаламтор ,қайталананбас тұлға Шекспир тілі саналатын ағылшын тілінде тақырыптық іс-шаралар мен үлгілі ашық сабақтар өтілуде. Бүгінгі күні жас маман Жолаушы Жанбота 6 сыныпта ашық сабақ өтіп,өзінің танымдық, ақпараттық-коммуникациялық білімін,ізденісін көрсетіп, оқушылар дың білімі мен қызығушылығын арттыра білді.
«Отбасы менің-мерейім» Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен,әже өнегесімен,ата ақылымен берілетіндігін,өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Құндылықтар: Тәуелсіздік пен Отаншылдық
Дайындаған 8"А" сынып тәрбиешісі:
Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсы. №2
Негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсы.
Негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернаты мәжіліс залында "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" БАҒДАРЛАМАСЫ : ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ тақырыбында Отырар ауданы білім беру мекемелерінің тәрбие орынбасарлары, ұйымдастырушы - педагогтар және қосымша білім беру педагогтары, бастауыш мектеп меңгерушілері, балабақша меңгерушілері мен балабақша әдіскерлері, білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілер, бірлестік жетекшілері семинары болып өттіҚазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
«Ұстаз-саған мың алғыс».
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Жақсы ұстаз болмаса, жақсы оқушы да болмайды! «Мен ұстаздарды жақсы көрем, өйткені олар – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтпақшы, оқушы үшін мектеп білімнің тірегі болса, ұстаз — жүрегі. Ал жүрексіз өмір сүру мүмкін емес!! Яғни, о баста ұстазсыз өмір сүру, білім алу мүмкін емес екен ғой. Мектепшілік тәрбие жоспарына сәйсек"Өзін-өзі басқару" және "Адал ұрпақ" ұйым оқушыларымен бірлесе ұстаздарды құттықтау мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.
1-қазан мен 24-қазан аралығында «Балдәурен» бастауыш сынып әдіс бірлестігінің "Бастауыш – білім бастауы" атты айлық іс-шарасы басталды.
Ашылуында 1-4 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Іс-шарамыз 4 «Б» сынып оқушысы Ғайникамалдың орындауындағы «Ұстазым» әнімен ашылды. 4-сынып оқушылары ұстаздар және мектеп туралы өлеңдер оқыды. Іс-шара барысында 3-4 сынып оқушылары "Әдемі-ай", "Балауса" билерін мың бұрала билеп шықты. Сонымен қоса 1"В" сынып оқушысы Мәжит Лилия "Мектебім" әнін орындады. Барша мұғалімдерді мерекелерімен құттықтай отырып, 4 «В» сынып оқушысы Ермаханбет Алуа «Ұстаз –ана» әнін шырқады. Айлық іс-шараның ашылуын "Атамекен" әнімен аяқтады. Іс-шараның соңында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жетпісбаева Гүлзира апай мен «Балдәурен» бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісі Қожамқұлова Қарлығаш апайларымыз оқушыларға үлкен жеңістер, ал мұғалімдерге табыс тілей отырып, айлықтың ашылуымен құттықтады.
03.10.2024 ж Ө.Жәнібеков атындағы √4 лицей-интернатында "Зерделі" ақыл-ой мектебінің ұйымдастыруымен математика пәні негізінде "Алтын сақа" Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға 3 және 4 сынып аралығынан 17 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада нәтижесінде 3 сыныптан Бейсенбай Бейбарыс 81 балл, Нұрлан Гүлсая 78 балл, 4 сынып оқушыларынан Бағдат Төреғали 75 балл, Дауылбаев Айсұлтан 74 балл көрсеткішімен оза шауып, аудандық кезеңге өтті. Алдағы уақытта болып өтетін аудандық кезеңде оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы № 4 лицей-интернат КММ білім алушылардың ұстазға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мен еңбегін бағалау мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша республикалық «Қалықта, әнім, Ұстазым!» челлендж ұйымдастырылды. Ұстаз еңбегі қашанда ерлікпен тең адал еңбек иегерлерін Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
"Ұстаздар күні" мерекесіне орай 2-3 қазан күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында "ДУБЛЕР КҮНІ" өткізілді.
Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытып,белсенді ат салысты.
Сонымен қатар, жүргізілген шарада мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін 5-11 сынып оқушылары атқарып, оқушылар өздері бір күн мұғалімдерге дублер болды.
Дублёр күні оқушылар сабаққа ынта ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді.
Оқушылар пән мұғалімдері мен қатар мектеп әкімшілігіне де дублер болды. Алдын ала оқушылардың қызметі түсінідірілді.
Мектеп қызметкерлері тек бақылап бағыт бағдар беріп отырды. Оқушылар жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындады. Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублёр бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды.