Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынан
Мектебімізде "Тілім менің тірлігімнің айғағы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті айлығы жарысында өтіп жатқан іс-шара аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жыл толуына орай сыныптар арасындағы челендж жолдауы.
Мақсаты : Абай шығармаларын мәнерлеп айту арқылы шығармашылыққа патриоттықа тәрбиелеу.
«Оқуға құштар мектеп»
Түркістан облысы ,Отырар ауданы, Өзбекәлі Жәнібеков лицей интернатының АКТ залында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында,
7- сыныптардың қатысуымен,.
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген, ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өткізілді.
Ұйымдастырғандар: Г.Нұрмаш, А.Байболова
Мектебімізде “Тілім менің-тірлігімнің айғағы” тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында өтіп жатқан іс-шара аясында қазақтың демократ, ағартушысы, шығыстанушы, фольклоршы Шоқан Шыңғысұлына 190 жыл толуына орай “Шоқан Уалихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі” тақырыбында 9-11-сыныптар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Мақсатымыз: Тұлғаның әдебиеттегі қолтаңбасын оқушылар арасында тереңірек таныту.
2025 жылғы 06-ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шара жоспары негізінде Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 05 ақпан күні жоғарғы сынып оқушыларымен патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Мен және менің дауысым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Болашақ сайлаушылар тәрбие сағаты барысында сайлау заңнамаларының талаптары мен құқықтары туралы кеңінен мағлұматтар алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Айдана Садықбекова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалымжан Сарсеков Отырар аудандық білім бөлімінің бас маманы Б. Бекмұрат Өзбекәлі Жәнібеков лицей-интернаты директоры 10-11 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жиын өткізді.
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті айлығының ашылуы өтті.
Мақсаты: патриоттық рухы биік, саналы ұрпақ тәрбиелеу, Отанға деген, тіліне деген махаббатын жетілдіру, ұлттық сана мен мәдениет тоғысындағы бірлігін нығайту, қыз бала тәрбиесін дамыту арқылы әсемдікке үйрету, пән бойынша өнерлі, білімді оқушылардың қабілеттерін шыңдау, жеңімпаздарды марапаттау арқылы жүректерне сенім ұялату, өзгеге үлгі ету.4-ақпан күні таңертен «"Тілім менің тірлігімнің айғағы"» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы оқушылар мен мұғалімдерге бауырсақ тарату арқылы лицей-интернатында жағымды ахуал туғызып, көңіл күйлерін көтеруден басталды. Ұзақ қоңырау барысында 10-сынып оқушылары ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына екені оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Бүгін Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының 2025 жылғы 20 қаңтардағы N2025 санды хатына сәйкес Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы N4 лицей-интернаты базасында "Математикалық регата-2025" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға ауданның әрбір мектебінен бір мұғалімнен қатысып 28 мұғалім бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша облыстық кезеңге екі мұғалім жолдама алды. Олимпиада жеңімпаздарына сәттілік тілейміз.
Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласында "Мектептегі математикалық білім беруді: қазіргі жайы мен даму болашағы" тақырыбында математика пәні мұғалім-дерінің облыстық ІІ съезі болды. Бұл съезге облыстық білім беруді дамыту ор-талығының директоры Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы және математика саласына үлкен үлес қосқан, педагогика ғылымдарының кандидаттары мен әдіскерлері қатысты. Тақырыпқа байланысты барлық мәселелер қаралып, ұсыныс айтылды. Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылында математика пәні бойыншы ауыл мектептерінен арналған республикалық пәндік олимпиаданың қола жүлде иегері Өзбекәлі Жәнібеков мектебінің оқушысы Бектас Інжу сөз сөйлеп, олимпиадаға дайындық барысында қолдау мен сенім білдірген және үлкен сияпат жасаған Отырар аудандық білім бөлімі басшысы Қ.Шербаевқа, Ерғали Қазыханұлына, әдіскеріне және мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді. Облыстық білім беруді дамыту орталығының басшысы Бақытжан мырза Бектас Інжуге жеке құттықтауын білдіріп, Қ.А.Яссауи университетіне квота берілетінін атап өтті. Жетекшісі Арайлым Мылтыкбаеваға мадақтама берілді.
Здравствуйте дорогие коллеги! Вот и наступило закрытие нашей недели русского языка и литературы на тему: "Живи по закону, поступай по совести! "
Как говорил великий Канфуций: " Три вещи никогда не возвращаются обратно — время, слова, возможность.
Поэтому: не теряй время, выбирай слова, не упускай возможность. "
Хорошие Мои не упускайте возможность учиться!
Большое спасибо за участие, коллегам и учащимся нашей любимой школы.
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатыгың бастауыш сынып мұғалімі Даутова Шынарайдың 2 "В"сыныбында Әдебиеттік оқу пәнінен №58-сабақ Дәруменнің пайдасы "Аурудың себебі "Қ.Баянбай "Алма"тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: Сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан жинақтардан сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу
Құндылық мақсаты: Денсаулықты күте білу
"Сыйқырлы кесте ойыны"арқылы өткен тақырыпқа шолу жасады
Қыста қандай еңбек түрін атқарасың?
Оның пайдасы неде?жаз
"Ой қозғау".
Жеміс жеудің қандай пайдасы бар?
Қосымша мәліметьер жинайсың
Арнайы кестеге түсіресің
Бейне жазба ұсыну
1-тапсырма
Ұжымдық жұмыс
"Түртіп алу" әдісі
2-тапсырма
Жұптық жұмыс
"Кесте" әдісі
Мәтінге сүйеніп кестені толтырды
Сергіту сәтін жаспп
3-тапсырманы Жеке жұмысын "Оқы, жина, талда" әдісі Кестелерге жемістер туралы мәліметті қызыға орындады.
"Сыныптан шығу" билеті әдісімег қоытындылып
Үйге тапсырма беріліп Кері байланыс
"Бас,қол,жүрек әдісімен
Кері байланыс береді