Астана қаласы «Ауыл мектебі: жаңа мүмкіндіктер арнасы» республикалық әдістемелік интенсив кезінде тірек мектептерінің арнайы марапаты мен сертификаты табысталды.
26 наурыз – Отбасылық дәстүрлер
Отбасындағы дәстүрлер жанұяның психологиялық жағдайының ажырамас бөлігі. Оның балаға деген әсері орасан. Отбасылық дәстүрлер заңмен, белгілі бір актілермен бекітілмейді, ол ежелгі ата-дәстүрдің жаңаша жалғасы болып табылады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді қазақ халқы. Отбасында қандай тәрбие көрсе, бала ержеткенде сол тәрбиені қоғамда, өзі жүрген ортасында қолданады. Адамның өмірге келгенінде көретіні – ата-ана, ата-ана өмірінің жалғасы – бала. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» – деп ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ең алдымен мән берген. Ата-анасының мейіріміне бөленіп, жақсы мен жаманды ажыратуды үйреніп, санасына игі мақсаттарды, рухани құндылықтарды сіңіріп өскен баладан нағыз елін, жерін сүйген патриот, адамгершілігі мол азамат қалыптасатыны анық.

Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында
20 Наурыз — Ұлттық спорт күні, қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін дәріптеп, насихаттайтын ерекше мереке. Бұл күні қазақтың көне ойындары мен спорт түрлері, атап айтқанда, асық ату,бес асық, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындар көрсетіліп, ұлттық мұраны сақтап, жастар арасында танымал ету мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады

“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі”
19.03.2025 ж күні Түркістан облысы Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата - аналар жиналысы өтті. Жиынның басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналарға маңызды ақпарат беру.
Күн тәртібінде:
“Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі: құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында баяндама – А. Жақашева
“Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері және құқықбұзушылықтың алдын алу” – Отырар аудандық полиция капитаны Д. Ерденова
“Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында баяндама – Л. Төлегенова
Жиында талқыланған негізгі мәселелер:
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау шаралары
Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары
Көктемгі демалыс кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері
Зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның алдын алу жолдары мен ата-аналардың жауапкершілігі
Сонымен қатар, ата-аналарға құқықтық кеңестер беріліп, бала тәрбиесіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі айтылды.
Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әр сынып жетекші қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қол қойдырып мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы талқыланды.
Оқушылар демалысты пайдалы әрі қауіпсіз өткізу үшін қажетті ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды.
Қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік! Барлық ата-аналар мен оқушыларды тәртіп пен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!
ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІ
Бүгін Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей- интернатында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, "Домбыра челленджі" ұйымдастырылды.
Мақсаты бабалардан қалған ұлттық дәстүріміз домбыра тарту өнерін кеңінен насихаттау.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция.
Ө.Жәнібеков атындағы № 4 лицей-интернатында 2024-2025оқу жылының наурыз айының 19.03.2025 ж. күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Мың мамандық-бәрі бар,Талғап,таңдап бірін ал!» тақырыбында іс-шара өтілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Іс-шара үш кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру 2. «Менің сүйікті мамандығым. 3. Маманнан кеңес
1.8 «А» сынып оқушылары «Кітапханашылар» тобы
2.8 «Ә» сынып оқушылары «Шығармашылық т»тобы
3.8 «Б» сынып оқушылары «Аспазшылар» тобы
4.8 «В» сынып оқушылары «Тігіншілер тобы»
Іс-шара кезеңдері бойынша оқушылар жеке кәсіпкерлерден өз салалары бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды.Оқушылардың мамандықтарға деген ынта-ықыласын,қызығушылықтарын арттыру,бағдар-беру беру мақсатында өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтілді.
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
18-Наурыз Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім — әр халықтың мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрлерін айқындайтын ерекше құндылық. Ол тек адамның сыртқы көрінісін емес, оның ішкі әлемін, дүниетанымын көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық киімдері табиғатпен үндесіп, ұлттық болмысымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазақтың киімдері әр түрлі жағдайға, маусымға және салт-дәстүрге сай сәнделіп, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығынан хабар береді. Сонымен қатар, ұлттық киімдер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, қазақ халқының өзіне тән ерекшелігін көрсетіп келеді. Әр киімде, оның әр тігілген сыры мен мәні бар, олар халқымыздың өмірі мен тарихын бейнелейді, сол арқылы ұлттың мәдениеті мәңгі сақталады.