Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
25 қыркүйек-5 қазан аралығында “Өз ұстазыңды құттықта” тақырыбында оқушылардың челленджі
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
25 қыркүйек-5 қазан аралығында “Өз ұстазыңды құттықта” тақырыбында оқушылардың челленджі
Отырар аудандық білім бөлімі, Білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғ.Орыновтың 08.09.2025 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес кімелеттік жасқа толмағандар арасында өз – өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында апталық іс – шара жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернатында 25.09.2025 жыл «Сен жалғыз емессің – біз бармыз» тақырыбында 9 – сыныптар арасында Жорабекова Қ және Жолдасбекова Ж бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді.
Тақырыбы: «Сен жалғыз емессің – біз бармыз»
Сынып: 9 сынып
Мақсаты:
Дайындағандар: Қ.Жорабекова, Ж. Жолдасбекова
Өтілу әдісі: Дөңгелек үстел.
Өтілген орыны: Мектеп кітапханасы.
Қорытынды: Оқушылар еркін өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті. Қызығушылық танытып, өздерінің жалғыз емес екендігін түсінді.
Құрметті Білім саласының қызметкерлері, қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңіз — Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мереке.
Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі.
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат директоры: Е. Серікбаев
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП:КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУЫ Түркістан облысы,Отырар ауданы, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ- де 26.09.2025 ж. күні мектепте 8-11 сынып оқушыларымен "Құқықбұзушылықтың, зорлық- зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында жиын өткізілді.Жиынға Отырар АПБ ЖПҚ УПИ-ры полиция аға лейтенанты Зәуірбек Нұрдаулет"Құқық бұзушылық пен вандализм", Отырар АПБ КПБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Әметхан Еркебұлан "Зорлық -зомбылық, нашақорлық" мектеп инспекторы полиция капитаны Динара Ерденова "Келеңсіз оқиғаларда қандай әрекет жасау керек?" тақырыптарында балаларға бағыт - бағдар беріп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сенім мен қолдау күні
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 8-сынып оқушыларына «Сенім – ең мықты терапия» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, мазмұнды талқылау өтілді.
Көрсетілімнен кейін оқушылар сенім мен қолдаудың адам өміріндегі маңызына тоқталып, бір-біріне демеу болудың құндылығын талқылады. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жасөспірімдердің бойында сенімділік қасиеттерін қалыптастырып қана қоймай, қарым-қатынаста сыйластық пен түсіністікті дамытуға ықпал етеді.
Арт-терапия: «Менің болашақтағы өмірім»
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында оқушылардың қиялын дамыту, өз арман-мақсатын айқындау мақсатында 5 сынып оқушыларымен «Менің болашақтағы өмірім» тақырыбында арт-терапия сабағы өтілді.
Арт-терапия барысында оқушылар:
Өз болашағын қиял арқылы бейнелеп, сурет салды;
Символдар мен түстерді пайдалана отырып, арман-мақсатын қағаз бетіне түсірді;
Өз суреттерін таныстырып, болашақтағы арманы мен жоспарларымен бөлісті.
2025-2026 оқу жылы 26 қыркүйекте Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында мектепішілік обьектілік оқу жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды. Мектепте обьектілік жаттығудың алдын-алу штабы құрылды. Атқарылған жұмыстарға міндеттемелер бекітіліп, тапсырмаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сейсмикалық жаттығулар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шараға ер мұғалімдер және 10-11 сынып оқушыларынан құтқарушы топ құрылды. Сыныптарда жас ерекшелігіне сай бейнероликтер көрсетілді. Мектепте «Сейсмикалық жаттығу кезіндегі басшылық құрамының көмек және қызмет көрсету әрекеті» сейсмикалық жаттығулар кезіндегі әрекеті түсіндірілді. Оқу жаттығулары кезінде сыныптарда «Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттан шығу және қауіпсіздікті сақтау» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 09-00 «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» құлақтандыру дабылы іске қосылды. I- ауысым бойынша 635 оқушы, мектеп ұстаздары мен техперсоналдар түгелдей эвакуациялау жұмыстарына қатысты.Сейсмикалық оқу- жаттығу жоғары деңгейде өткізілді. Оқу жаттығу жиыны аяқталған соң атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жұмыстар жасалды.
«Абай дана-Абай дара қазақта»
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат кітапханасында
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» «Оқуға оқуға құштар мектеп» жобасы аясында,Абай Құнанбаевқа 180-жыл толлуына орай, «Абай дана-Абай дара қазақта» атты тақырыптық кеш болып өтті
. Мақсаты:
- Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау
- Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру
- Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Құндылықтары:Тәуелсіздік және Отаншылдық
«Ұлы Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды.– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұйымдастырғандар:Кітапханашы Г.Нұрмаш және Кәдірбек Балжан
"БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ"
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ.
Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей- интернат" КММ-де 2025-2026 оқу жылының 25 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығын негізге ала отырып, ата-аналарға арналған «Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі» тақырыбында жиналыс болып, қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында жиналыс болып, әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.
Қауіпсіздіктің алдын алу үшін, ата-ананың баласымен үнемі байланыста болып, көңіл-күйі қалай екенін қадағалап отыру керек екенін түсіндіріп өтті.
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» Түркістан облысы,Отырар ауданы, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ- де 25.09.2025 ж. күні мектеп педагогтарымен «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жиын өтті.Жиында қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың
әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі.желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін екендігі, бұл
– отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап ететіндігі айтылды. Педагогтерға, оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екендігі, бұл – біздің ортақ мақсатымыз екендігі айтылып балалардың игілігі үшін бірігуге шақырды.
Топтық кеңес беру: «Өзін қабылдау – өз құқығыңды таны»
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 7-сынып оқушыларына арналған «Өзін қабылдау. Өз құқығыңды таны» тақырыбында топтық кеңес беру жұмысы жүргізілді.
Кеңес беру барысында оқушылар:
«Өзін қабылдау» ұғымының маңызын түсініп, өз ерекшеліктерін құрметтеуге үйренді;
Жасөспірімдердің құқықтары туралы ақпарат алды;
Өзін-өзі қорғау, пікірін ашық жеткізу және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын талқылады;
Топтық жаттығулар арқылы сенімділік пен өз ойын жеткізу машығын дамытты.
Дөңгелек үстел: «Өз балаңның эмоционалдық әлемін түсін»
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында ата-аналарға арналған «Өз балаңның эмоционалдық әлемін түсін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны мектеп психологы Д. Масанова мен Л. Төлегенова ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналар:
Жасөспірімдердің эмоциялық даму ерекшеліктері туралы мағлұмат алды;
Балалардың ашу, реніш, уайым сияқты сезімдерін дұрыс қабылдау және қолдау көрсету жолдарын үйренді;
Үй жағдайында баламен тиімді қарым-қатынас орнатуға арналған практикалық кеңестер алды;
Топтық талқылаулар мен жаттығуларға қатысып, тәжірибе алмасты.
Іс-шара жылы әрі ашық пікір алмасу форматында өтті. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі эмоцияны басқарудың маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткізді.