Түркістан облысы. Отырар ауданы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат оқушылары «Алаш оқулары» олимпиядасы №514 бұйрығы негізінде жетістік көрсеткен 7-сынып оқушылары. Жетекші мұғалім. Болатова Зубайра.
Түркістан облысы.Отырар ауданы.Шәуілдір ауылы .Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты «Біртұтас тәрбие бағдарламасы 1"А" сынып оқушылары "Қош,сүйікті Әліппе" тақырыбында іс -шара өткізілді. Сынып жетекшісі Пирманова Мөлдір және сынып тәрбиешісі Әжібекова Зәуре. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салып. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін өзі басқаруға үйрету. Отбасына,Отанға,Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,оны қорғауға тәрбиелеу. Құндылығы: Бірлік және ынтымақ . Әліппемен қоштасу іс- шарасы жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар әріпті үйренген әліппеге арнап тақпақтар мен әндерін орындады.Жасаанды интеллект арқылы Президентіміз Қ.Тоқаев шәкірттерге құттықтау сөзін арнады.Балалар Отанға, мектепке, ұстазға,ата анаға арнап тақпақтарын,әндерін арнады. Өз өнерлерін ортаға салып ән - билерін биледі. Әліппеге үлкен рахметтерін айтып, Ана тілі оқулығын қуана қарсы алды.Жасанды интеллект арқылы "Қазақстанның болашағы бүгінгі ұрпақ "тақырыбында слайд көрсетілді.Слайдта бүлдіршіндердің бүгіні мен келешекте таңдаған мамандық иегерлері болатын суреттері көрсетілді. Іс -шара соңында мектеп директоры Серікбаев Ерғали ағай құттықтап, болашақта бүлдіршіндерді білімді болуға шақырды. Директордың оқу ісі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Жетпісбаева, А.Жақашева апайларымыз құттықтау сөз арнады. Ата аналарда өз құттықтауларын арнап сөз алды.
Түркістан облысы Оырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Бастауыш сыныптар арасындағы, жатақхана "Дос және достық" атты тәрбие сағатын 20.12.2024ж күні өткізді.Тақырыбы: " Дос және достық ' тәрбие сағаты Мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру. Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Тәрбиешілер: Керімқұлова
Дәнегүл
Әлішева
Ғазиза
Түркістан облысы Отырар ауданы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" балалар кітапханасы жобасы аясында"Кітап кейіпкерлері"байқауы болып өтті.5-6 сынып оқушылары сүйікті кітап кейіпкерлерін сомдап,қызықты көрініс ретінде өткізілді.Байқауға қатысқан үміткерлер тең дәрежеде өздерінің қабілеттерін көрсетті. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру,көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету,кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру,оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!Отырар ауданы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы№4 лицей-интернаты әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде, Отырар аудандық білім бөлімінің
18.12.2024 жылғы №41-10/1271 хатына сәйкес мына жағдайларды ескертеді:Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан, сыйлықтар ұйымдастыруға тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Осы айтылған талаптарды назарға алуларыңызды өтінеміз. Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру - біз үшін абыройлы іс!
Біз үшін үлкен көмектеріңіз - өз ұл-қызыңыздың білімі мен тәрбиесіне педагогтармен бірлесе жұмыс жасағаныңыз.
Құрметті ата-ана!
Сіздің кез-келген сауалыңызға мектеп басшысы мен орынбасарлары әрқашан дайын.
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері әр отбасында қатаң сақталуы тиіс. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар салуларыңызды сұраймын.
Мектеп әкімшілігі.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңіне "Құқық пәні негіздері" бойынша қатысқан оқушымыз Қашқынбай Шапағат (жетекшісі Қанибекова Индира) жүлделі 2-орын иеленіп қайтты. Лицей-интернат басшысы Ерғали Серікбаев олимпиада шыңындағы жеңісімен құттықтады.
"Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау" тақырыбында 10 "А" сыныбының
оқушылары Тұран Фариза, Нұрілдаева Гүлсезім стем кабінетінде тәжірибелік жұмыс жасады. Тәжірибе нәтижесінде Фариза мен Гүлсезім биологиялық нысандарда нәруыздың бар екенін зерттеді. Осы тәжірибелер нәтижесінде кез келген заттан әртүрлі реакция арқылы нәруыздың болуын анықтауға бол атынын дәлелдеді.
"Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау" тақырыбында 10 "А" сыныбының
оқушылары Тұран Фариза, Нұрілдаева Гүлсезім стем кабінетінде тәжірибелік жұмыс жасады. Тәжірибе нәтижесінде Фариза мен Гүлсезім биологиялық нысандарда нәруыздың бар екенін зерттеді. Осы тәжірибелер нәтижесінде кез келген заттан әртүрлі реакция арқылы нәруыздың болуын анықтауға бол атынын дәлелдеді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың респубшикалық кезеңіне "Құқық пәні негіздері" бойынша қатысқан оқушымыз Қашқынбай Шапағат (жетекшісі Қанибекова Индира) жүлделі 2-орын иеленіп қайтты. Е.Серікбаев бастаған лицей-интернат ұжымы Шапағатты гүл шоқтарымен күтіп алып, олимпиада шыңындағы жеңісімен құттықтады.
Ө.Жәнібеков атындағы №4лицей-интернатында 12.12.2024ж.күні кәсіптік бағдар беруші педагог- Қ.Жоребекова мен сынып тәрбиеші Ж.Жаппарованың ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысының кешенді жұмыс жоспарына сәйкес 10 «а» -сынып оқушыларымен «Мектеп түлектері -мұғалім» тақырыбында кездесу кеші өтті.Кеш бұған дейінгі кездесулерден ерекше.Себебі,оқушылар өздері білім алған Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатын әр жылдары бітірген түлектерді ұстаз ретінде қарсы алды. Олар білім саласында қызмет жасап,өз білімдерін шәкірттерге, үйретіп, тәрбиелеуде. Кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері,ұстаздар:
1.Интернат меңгерушісі- Тұрсынбеков Алмас
2 Сынып тәрбиешісі-.Сүлейменова Перизат
3.Аға тәрбиеші – Сарманов Ұланбек
4.Бастауыш сынып тәрбиешісі- Пірманова Жұлдыз
5.Тарих пәнінің мұғалімі – Бекарыстанов Досымбек.
6.География пәнінің мұғалімі- Мажитов Арыстан.
Оқушылардың мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткізілген кеш өз мәресіне жетіп,оқушылар қазіргі уақыттағы маңызды сұранысқа ие мамандықтар туралы өз ойларымен пікір алмасты.