Өзбекәлі Жәнібеков атындағы лицей-интернат оқушылары мектеп лигасының футзалдан аймақтық кезеңнен І орын иегері атанды.
Облыстық кезеңге жолдаманы иемденді.
Жаттықтырушы Сырым Абдуллаев
Құттықтаймыз!!!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы лицей-интернат оқушылары мектеп лигасының футзалдан аймақтық кезеңнен І орын иегері атанды.
Облыстық кезеңге жолдаманы иемденді.
Жаттықтырушы Сырым Абдуллаев
Құттықтаймыз!!!
Оқуға құштар мектеп»
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Өзбекәлі Жәнібеков лицей интернаты кітапханасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ,
14 –ақпан халықаралық кітап сыйлау күні мерекесіне арнап, «Кітап ең қымбат сый» атты акциясы өткізілді.
Адамдар бір біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынатын күн. Бұл мерекенің мақсаты: барлық кітап сүйер қауымды кітап оқуға шақырып, жылылық пен мейірімге толы лебіздер айтып,сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Кітап – адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Осы мерекеге орай лицей-интернатымызда "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы өткізілді Мектеп басшысы Серікбаев Ерғали бастағагн әріптестеріміз акцияға белсенді қатысып, өздері оқыған сүйікті кітаптарын шын жүректен сыйға тартты. Бұл атаулы күн 2012 жылдан бері аталып өтіледі. Мерекенің ерекшелігі –адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады, әдеби мұраларға құрмет артады.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы N4 лицей-интернаты " Тілім менің- тірлігімнің айғағы" атты тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиетінің айлық іс- шарасы аясында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180- жасқа толуына байланысты 6"ә" - сынып оқушыларының, келесі сынып оқушыларына челендж жолдауы.
Мақсаты: Оқушыларды Абайдың шығармашылық өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтып, саналылық пен білімділік, рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Ауғанның отты жалыны
-Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікпен туған жерін,елін шексіз сүюге баулу.
-Отанға деген патриоттық сүйіспеншілікті қалыптастыру.
-Ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен ерліктерді құрметтеу арқылы ұлттық мақтаныш сезімін ояту.
-Ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді және еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігін сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
[Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Дәрібаев Айтжан, Сарыбаев Бейбітжан қатысты.
Тәрбиеші: Жаппарова Жамила
Түркістан облысы Отырар ауданы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
аясында жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсіби шеберлігін шыңдауға, мәдениеттілікке баулу мақсатында өтілген мектепішілік
«Үздік жас маман – 2025» байқауы өтілді.
Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында.
Мектебіміздің "Тілім менің- тірлігімнің айғағы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында өтіп жатқан іс- шара аясында Ж.Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл, Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығына орай оқушылар арасында ақын өлеңдерінен оқу сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ ақындарының өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру, шығармаларын насихаттау.
Ө.Жәнібеков есімімен аталатын /4 лицей-интернатында "Тілім менің тірлігімнің айғағы" тақырыбындағы айлықта, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мамырайымова Ұлбала Әбдуаитқызы "Қазақ балуандары" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру, етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Оқылым алды тапсырма "Қазақ ұшқышы Қажымұқаннан сыйлық" мәтіні аудиожазбадан тыңдалып, көтерілген мәселені талдады.Аудиоматериалдан сабақты,салт етістіктерді тапқызып оқушыға білімділік ұялатты. Сабақ кезеңдері ӘТН-мен ұштасты. Өзгелік етіспен танысып, кластер жасау арқылы оқушылар өзара тәжірибе бөлісті.
Сабақтың келесі кезеңдері мәтіннен негізгі қосымша, детальді ақпараттарды тауып,графикалық диктант алынды.Оқылым мәтіні бойынша қарапайым жоспар құру беріліп оқушылардың ізденіс іскерлігі артты.Топтық тапсырма ӘТН-ге негізделді. Әр топ етіс түрлері бойынша постер қорғады, телінген сөйлемдерін талдап етістердің түрін, жасалу жолдарын өзді-өздеріне түсіндірді. "Қазақ палуандарынан кімді білемін?" тақырыбында пікір алмасты. Әр топ басшысына берілген бағалау парақшасы негізінде балдық жүйемен білімдері таразыланды. Оқушылар кері байланыс жасауда,тақырып туралы, әдеби тілдің нормасы мен байланыстыра білгендерін мақтаныш тұтты.м
Мектебіміздің"Тілім менің-тірлігімнің айғағы " тақырыбындағы Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында өтіп жатқан іс-шара аясында қазақтың үш бәйтерегінің"тар жол,тайғақ кешу" кезеңіндегі ұлтының көшбасшылары С.Сейфуллин,Б.Майлин мен І.Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай үш бәйтерек шығармаларын оқушылар арасында талдау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақтың үш бәйтерегінің өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру,шығармаларын насихаттау.