Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
Оқылым алды тапсырма "Қазақ ұшқышы Қажымұқаннан сыйлық" мәтіні аудиожазбадан тыңдалып, көтерілген мәселені талдады.

Оқылым алды тапсырма "Қазақ ұшқышы Қажымұқаннан сыйлық" мәтіні аудиожазбадан тыңдалып, көтерілген мәселені талдады.

Ө.Жәнібеков есімімен аталатын /4 лицей-интернатында "Тілім менің тірлігімнің айғағы" тақырыбындағы айлықта, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мамырайымова Ұлбала Әбдуаитқызы "Қазақ балуандары" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру, етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Оқылым алды тапсырма "Қазақ ұшқышы Қажымұқаннан сыйлық" мәтіні аудиожазбадан тыңдалып, көтерілген мәселені талдады.Аудиоматериалдан сабақты,салт етістіктерді тапқызып оқушыға білімділік ұялатты. Сабақ кезеңдері ӘТН-мен ұштасты. Өзгелік етіспен танысып, кластер жасау арқылы оқушылар өзара тәжірибе бөлісті.

Сабақтың келесі кезеңдері мәтіннен негізгі қосымша, детальді ақпараттарды тауып,графикалық диктант алынды.Оқылым мәтіні бойынша қарапайым жоспар құру беріліп оқушылардың ізденіс іскерлігі артты.Топтық тапсырма ӘТН-ге негізделді. Әр топ етіс түрлері бойынша постер қорғады, телінген сөйлемдерін талдап етістердің түрін, жасалу жолдарын өзді-өздеріне түсіндірді. "Қазақ палуандарынан кімді білемін?" тақырыбында пікір алмасты. Әр топ басшысына берілген бағалау парақшасы негізінде балдық жүйемен білімдері таразыланды. Оқушылар кері байланыс жасауда,тақырып туралы, әдеби тілдің нормасы мен байланыстыра білгендерін мақтаныш тұтты.м