Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
«ZIYAT» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зияткер оқушы - зиялы ұлт» тақырыбында қалалық дебат турнирі болып өтті.

«ZIYAT» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зияткер оқушы - зиялы ұлт» тақырыбында қалалық дебат турнирі болып өтті.

Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «ZIYAT» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зияткер оқушы - зиялы ұлт» тақырыбында қалалық дебат турнирі болып өтті. Бұл турнирден Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының "Ұшқыр ой алаңы" дебат клубының оқушыларыда шетте қалған жоқ. Турнир нәтижесінде оқушыларымыз Төрегелді Нұрбек және Такура Асхан II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ойы орамды, сөзі шырайлы, айтары анық шәкірттерімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек біріншіліктен көріне берсін деп тілек білдіреміз!