Жыр алыбы-Жамбыл»
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Оқуға оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ө.Жәнібеков лицей-интернат кітапханасында «Оқитын сынып» 6-а сынып оқушыларыың қатысуымен «Жыр алыбы-Жамбыл» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Жамбыл– қазақ халқының рухани әлемін, елдік мұратын, адамгершілік пен әділдікті жырына арқау еткен ұлы тұлға. Оның өлеңдері мен дастандары ғасырлар өтсе де өз маңызын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық болып келеді.
Жамбылдың жырларынан біз туған жерге деген шексіз сүйіспеншілікті, халыққа деген адалдықты, ерлік пен бірлікті көреміз. Бүгінгі ұрпақ үшін Жамбыл мұрасы – өнеге мектебі. Оның жырлары бізді отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, әділдікке тәрбиелейді. Сондықтан да Жамбыл есімі мен шығармашылығы мәңгі жасай бермек.
Жамбыл – жырдың мәңгілік шамшырағы, қазақ рухының биік шыңы. Ұлы ақынның өшпес мұрасы халқымызбен бірге жасай берсін!





