Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты мәжіліс залында "Жемқорлық кедейлікке апарады" тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналысы болып өтті. Жиналысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Әсетұлы.
Отырар аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Көкішев Айбар Әліханұлы, Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы және аудан мектептерінің директорлары мен есепшілері қатысты.
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.