«Желідегі қауіпсіздік» челленджі аясында ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді
Отырар ауданының білім бөлімі мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының 2025 жылғы 13 қазандағы №25/6554 хатына сәйкес,
«Желідегі қауіпсіздік» челленджі аясында Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында педагог-психолог Масанова Д.М. оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиынын өткізді.
Жиын барысында оқушыларға:
Киберқауіпсіздік тақырыбында слайд арқылы түсіндірме берілді;
Танымдық бейнеролик көрсетіліп, нақты мысалдар талқыланды;
Сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мақсат – жасөспірімдердің интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жеке деректерін қорғау және кибербуллингтің алдын алу.
Жиын балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және саналы онлайн мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс болып табылды.





