Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

" Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, құмар ойынның,нашақорлықтың, өз- өзіне қол жұмсау, әлімжеттіліктің балалар жеке бас қауіпсіздігінің алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында кездесу жиыны болып өтті

06.03.2026 ж күні "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат" КММ-де аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Отырар АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Төрехан Нұрдостың бастамасымен Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат,Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы, Отырар аудандық АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция капитаны З. Надирова " Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, құмар ойынның,нашақорлықтың, өз- өзіне қол жұмсау, әлімжеттіліктің балалар жеке бас қауіпсіздігінің алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында кездесу жиыны болып өтті. Жиында ауданымызда кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық оқиғаларды баяндай отырып бейне роликтер арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарынан соң оқушылармен сұхбаттар болды.