Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс
 "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мектебімізде Отырар аудандық Полиция бөлімінің полиция капитаны, мектеп инспекторы Бақытжан Қапалбайұлы оқушылармен кездесу өткізді.

"Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мектебімізде Отырар аудандық Полиция бөлімінің полиция капитаны, мектеп инспекторы Бақытжан Қапалбайұлы оқушылармен кездесу өткізді.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты " КММ де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 10-шы сәуір мен

6- мамыр күндері аралығында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мектебімізде Отырар аудандық Полиция бөлімінің полиция капитаны, мектеп инспекторы Бақытжан Қапалбайұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына "Құқықбұзушылықтың алдын алу"," Нашақорлыққа жол жоқ", "Ерте жүктіліктің алдын алу"," Электронды темекілердің химиялық құрамы және олардың денсаулыққа зияны" тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық бұзушылық – бұл қоғамдағы тәртіпке, заңға қайшы келетін әрекет. Ол тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың, әрбір оқушының, ата-ананың және ұстаздың назарында болуы тиіс. Себебі құқық бұзушылық – тек заң бұзу ғана емес, ол адам өміріне, болашағына кері әсерін тигізетін теріс қылық.Оқушының басты міндеті – білім алу, тәртіп сақтау, үлкендерді құрметтеу. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз ұсақ құқық бұзушылықтардан бастап, ауыр қылмыстарға дейін баруы мүмкін. Бұл — бейжай қарауға болмайтын мәселе.

Сондықтан, біз бәріміз бірігіп, құқық бұзушылықтың алдын алуымыз керек.