Жас шебер үйірмесі
Жас шебер үйірмесінің 6–7 сынып оқушыларына арналған кезекті сабағын үйірме жетекшісі Еркінбек Оразхан өткізді. Сабақтың тақырыбы – қамшы өзегін дайындау. Бұл сабақта оқушылар қазақ халқының ұлттық қолөнерінің бірі – қамшы жасаудың қыр-сырын үйренді. Мұғалім алдымен қамшының тарихы мен тұрмыстағы маңызы туралы түсіндіріп, оның бөліктеріне жеке-жеке тоқталды.
Сабақ барысында қамшы өзегін дайындаудың тәсілдері көрсетіліп, теріні дұрыс өңдеу, өзек салу және оны мықты етіп ширату жолдары үйретілді. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, практикалық жұмыстар орындады. Бұл үйірме оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қолөнерге баулуға үлкен үлес қосты.





