"ЖАС ҚЫРАН" МЕН "ЖАС ҰЛАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ ЖИЫНЫ
Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат
"Жас Қыран" мен "ЖАС ҰЛАН" Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өткізілді. Мектебіміздің бастауыш сыныптары"Жас қыран"ұйымы қатарына 5 сыныптар “Жас Ұлан”ұйымына қабылданды.
Оқушылар салтанатты түрде галустук байлау және төсбелгі тағу рәсімі ұлағатты ұстаздарымыз бен мектеп директоры Е.Серікбаевтың қатысуымен өткізілді. Мерекелік жиында сөз алған мектеп директор Е.Серікбаев ұйымға қабылданған үздіктерді құттықтап, жылы лебіз білдіріп, үлкен сенім артты. Іс-шара барысында оқушылар «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданып, ант берді. Өзін-өзі басқару ұйымы фракциялары , Жасұлан,Адал ұрпақ белсенділері төсбелгі және көгілдір галстуктарын тақты.
Олар Отанға адал қызмет етуге, елін сүйетін, білімді де парасатты азамат болуға уәде етті.
Мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.





