Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Жақсылық жасап жарысайық” атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

“Адал ұрпақ - жарқын болашақ” жобасы аясында “Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-нің 1“В” сынып оқушылары сынып жетекшісі Садық Нұргүлдің бастамасымен “Жақсылық жасап жарысайық” атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: балаларды жақсылық, қайырымдылық жасауға үйрету.

Игі іс соңы ауылымыздағы мұқтаж отбасыға азық-түлік табыстаумен аяқталды. Балалар жақсылық жасай отырып, үлкен алғыс алып қайтты.