Бүгін 19.09.2025жылы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында Республикалық жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында өтетін"Махамбет оқулары"байқауының аудандық кезеңі өтті. Шараға қатысқан оқушылар қазақтың өр рухты ақыны,батыр жыршысы Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын дәріптеп,жыр -дастандарынан үзінділер оқып,поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Байқаудың мақсаты-жас ұрпақты отансүйгіштікке,ерлік пен елдікке тәрбиелеу.Махамбет мұрасын насихаттау Қатысушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып,шешендік өнерлерін,шығармашылық қабілеттерін танытты. Жеңімпаздар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады. Барлық қатысушыларға алғыс айтып,озық шыққандарды құттықтаймыз. |