Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында мектепішілік обьектілік оқу жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды. Мектепте обьектілік жаттығудың алдын-алу штабы құрылды.

2025-2026 оқу жылы 26 қыркүйекте Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында мектепішілік обьектілік оқу жаттығуларын өткізу бойынша мектеп бұйрығы шығарылып, жоспары жасалды. Мектепте обьектілік жаттығудың алдын-алу штабы құрылды. Атқарылған жұмыстарға міндеттемелер бекітіліп, тапсырмаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сейсмикалық жаттығулар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шараға ер мұғалімдер және 10-11 сынып оқушыларынан құтқарушы топ құрылды. Сыныптарда жас ерекшелігіне сай бейнероликтер көрсетілді. Мектепте «Сейсмикалық жаттығу кезіндегі басшылық құрамының көмек және қызмет көрсету әрекеті» сейсмикалық жаттығулар кезіндегі әрекеті түсіндірілді. Оқу жаттығулары кезінде сыныптарда «Жер сілкінісі кезіндегі ғимараттан шығу және қауіпсіздікті сақтау» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 09-00 «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА» құлақтандыру дабылы іске қосылды. I- ауысым бойынша 635 оқушы, мектеп ұстаздары мен техперсоналдар түгелдей эвакуациялау жұмыстарына қатысты.Сейсмикалық оқу- жаттығу жоғары деңгейде өткізілді. Оқу жаттығу жиыны аяқталған соң атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жұмыстар жасалды.