Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 11 - сынып оқушыларына емтиханға дайындық мақсатында бірқатар психологиялық және ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 11 - сынып оқушыларына емтиханға дайындық мақсатында бірқатар психологиялық және ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

1. Есте сақтау заңдылықтары және жұмыс қабілетін арттыру тақырыптарында

Педагог-психолог Д. Масанова оқушыларға есте сақтау механизмдері, ақпаратты тиімді меңгеру жолдары, оқу барысында назар мен жұмыс қабілетін жақсарту әдістері жөнінде тренинг өткізді. Сабақ барысында оқушылар жадты дамытуға арналған практикалық жаттығулар орындады.

2. «Мемлекеттік емтиханға психологиялық дайындық» күшейту мақсатында бітіруші түлектерге емтихан алдындағы күйзелісті басқару, қорқынышты жеңу, уақытты дұрыс бөлу, өзін сабырлы күйде ұстау бойынша арнайы жадынамалар таратылды. Педагог-психолог түлектердің эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған тиімді кеңестер берді.

3. ҰБТ ережелері және кәсіби бағдар

Кәсіби бағдар беруші маман Қ. Жорабекова Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңартылған ережелерімен таныстырып, тестілеу форматы, аудитория талаптары, тыйым салынған заттар, апелляция процесі сияқты маңызды аспектілер бойынша толық ақпарат берді. Сонымен қатар, мамандық таңдау, болашақ бағытты анықтау жөнінде пайдалы кеңестер ұсынды.

Іс-шара түлектердің емтиханға сенімділікпен, жүйелі түрде дайындалуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Барша 11-сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!