Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат” КММ-де “Балдаурен” бастауыш әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушылары арасында «Екі жұлдыз» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Байқаудың шымылдығын мектеп директоры Е.Серікбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

І кезең – Таныстыру

Қатысушылар өз жұптарын ерекше форматта таныстырып, креативтіліктерін көрсетті.

ІІ кезең – Өнерлі жұп

Жұптар ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін паш етті.

ІІІ кезең – Қағаздан ғажайып

Қатысушылар берілген қағаздан әсем бұйымдар жасап, шеберліктерін дәлелдеді.

IV кезең – Қорытынды, марапаттау

Барлық кезең қорытындысы бойынша үздік жұптар анықталып, марапатталды.

Байқау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы үйлесімділік, шығармашылық қабілет пен сахна мәдениеті ерекше көрініс тапты.

  • Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!