Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Заң және тәртіп» айы бойынша Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу

Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат" КММ -де 16.01.2026 ж. күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң және тәртіп» айы бойынша Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы құқық бұзушылық пен ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, жол қауіпсіздігінің алдын алу, суицид, зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен жиын өткізілді.

Жиналысты мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Жақашева ашып, күн тәртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама оқыды.

Келесі Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ—ның инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы бүгінгі іс-шараның мақсатын түсіндіріп ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 2-бөліміне сәйкес яғни он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекі және темекі бұйымдарын сату, нашақорлықтың алдын алу және қоғамдық орындарда қолдану сондай ақ ҚР ӘКТтК-нің 442 бабының 3-бөліміне Кәмілетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 22-00 ден кейін ойын сауық мекемесінде болуы, ҚР ӘКТтК-нің 200 бабының 1-бөліміне Кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта сағат 23-00 ден кейін ата-анасыз жүруі, ҚР ӘКТтК-нің 127 бап Ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің балалар тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы , ҚР ӘКТтК-нің 127 бабының 1-бөлімімен Кәмілетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемелерінде болуына жол беру , ҚР ӘКТтК-нің 435 бап кәмілетке толмаған адам жасаған бұзақылық , алькогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу сияқты заңның баптарымен таныстырып өтті.