Бүгін ұлт мәдениетінің қайнар бұлағы, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталатын №4 жалпы орта лицей-интернатында «Ынтымақ» бірлестігінің айлығына орай «Атамекен домбыра» үйірмесінің, «Көркемөнерпаздар» үйірмесінің сонымен қатар «Көркем сөз» үйірмесінің «Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» - тақырыбындағы іс-шарасы болып өтті.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан-жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының атқаратын ролі ерекше. Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояуымен, алуан түрлі желіс-қағыстарымен қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихи дүниетанымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады.
Халқымыздың : Қос ішектің бірін қатты бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра –деген қанатты сөздері осыған дәлел секілді.
Ал «Көркемөнерпаздар» үйірмесіде болашақ еліміздің атырабын әнмен әуелеткен күміс көмей, марал маңдай, жезтаңдай әншілердің ізін басатын әншілерді тәрбиелеуді мақсат етеді, осы жолда жұмыстар басталыпта кетті.
Сонымен қатар «Көркем сөз» үйірмесіде бүгін көрермендерге өз қадірінен сөз қадірін биік қоятын шәкірттердің өнерлерін паш етті. «Көркем сөз» үйірмесі Халқымыздың қашаннан «Түгел сөздің түбі бір, түпкі атасы Майқы би», «Ақынға қара сөзден өлең оңай» деп келетін қанатты сөздерін жанына жалау қылып өскелең ұрпаққа ауыз әдебиеті және құнды кітаптар арқылы жеткізіп келеді.
Жалпы бір-бірінен бөліп қаруға болмайтын үш үйірменіңде негізгі мақсаты:
Еліміздің болашағы - жастардың өздеріне деген сенімдерін нығайту, музыкалық талғамды және эстетикалық қажеттілікті дамыту, шәкірттердің есту, есте сақтау, сөз жаттау, тез ұғу қабілеттерін дамытып, музыкалық сауатын арттыру, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру, мәдениеттану, өнертану мамандықтарына баулу, ұлттық өнерімізді дамыту, мамандықтарға бейімдеу, ән орындау және аспапта ойнау біліктерін, ақындық қасиеттерін ашу болып табылады. Салт-санамызды байытар – Құрманғазының күйлері, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары, Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, Мұқағалидың, Мұхтар Шахановтың мұқалмас өлеңдері сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз. Үйірмелердіңде негізгі мақсат-мүддесі өскелең ұрпақтың бойына өнер нәрін сіңірте отырып болашақта білімді, өнерлі шәкірттердің санын арттыру. Ертеңгі ұрпақ санлы да мәдениетті болсын десек, кешегі тарихты үлгі ету ең тиімді тәсіл болмақ.