Ө.Жәнібеков атындағы/4 лицей -интернатында "Даналық мектебі" клубы жоспарына сай "Аталар мектебі" жобасы аясында "Туыстық қарым -қатынас-баға жетпес байлық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонақтары:
1).Бірнеше жыл елге адал қызмет жасап, көлік жүргізушісі болған, Шәуілдір ауылының биі батагөй атамыз Айжарықов Шайыр бек
2). Зоотехник маманы болған, Көкмардан ауылының ауыл биі Ратқұлов Асқар 3)Мектебіміздің әкелер кеңесінің төрағасы Сағынтаев Асқар аталарымыз болды.
Кеш қатысушылары мектеп әкелері мен 9.10 сынып оқушылары
Шара барысында шежіре ұғымын ортаға салып, Аталар өсиет әңгімелері тыңдалып, туыстық қарым -қатынас жөнінде бейнероликтер қойылып талдама жүргізілді.Оқушыларымыз бауырға, анаға,ағайынға тақырыптарында өлеңдер оқып, күй шерітті.