Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді

«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар арық-атыздар тазаланып, тал-дарақтардың түбі әктелді.

Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Осындай игі шаралар ауылдың көркеюіне және табиғатты қорғауға өз үлесін қосады.

Қатысушылар табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, алдағы уақытта да мұндай тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.