Танымдық тренинг: «Эмоцияларды басқару – жетістікке жетудің кілті»
Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында 9-сынып оқушыларына арналған «Эмоцияларды басқару» тақырыбында танымдық тренинг өткізілді.
Тренингті мектеп психологы Д. Масанова жүргізді.
Тренинг барысында оқушылар:
Эмоциялардың түрлері мен олардың адам өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды;
Стресспен күресудің тиімді әдістерін үйренді (әсіресе алдағы емтихан кезеңіне маңызды);
Ашу, қорқыныш, реніш сияқты күрделі эмоцияларды басқаруға арналған практикалық жаттығулар орындады.
Тренинг қызықты да интерактивті форматта өтті. Оқушылар өз ойларымен еркін бөлісіп, түрлі ойындар мен жаттығуларға белсенді қатысты.
Бұл тренинг жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектісін дамытуға және өмірлік дағдыларын нығайтуға үлес қосты деп сенеміз.
- Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!