Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

“Табиғат күні”

Отырар ауданының білім бөлімінің 31.10.2024жылғы №41-10/1088 хатына орай республикалық “Игі істер марафоны” жобасы аясында “Ө.Жәнібеков атындағы N4 лицей-интернаты”коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 07.11.2024жылы “Инклюзия” игі істер апталығында “Табиғат күні” болып өтті.

Ұраны: “Бір тал кессең, он тал ек”.

Мақсаты: ерекше балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға және тазалықты сақтауға баулу.

“Табиғатты аялайық” ерекше балалармен бірге тал егу, мектеп ауласын тазалау мақсатында сенбілік болып өтті.Сенбілік барысында оқушылармен табиғаттың сыры мен көркемділігін ұғыну,табиғаттың таза болуының қаншалықты маңызды екенін сонымен қатар қалай баптау керектілігі түсіндірілді.Осы мектептің педагог- логопед маманы А.Тұргынбай мен педагог-ассистент Қ.Жаныбаева мамандар оқушылармен бірге мектептің ауласын қоқыстан тазалап, ағаштар мен гүлдерге күтім жасады.Мұндай жұмыстармен айналысу оқушылар үшін де қызықты бір сәт болды.