Түркістан обылысы Отырар ауданы Ө.Жәнібекова №4 лицей интернатында Даналық мектебі жобасы аясында, Қыз ғұмырының құпиялары, Жеңгелер мектебі іс-шарасы өтті.
Бүгін 8–9–10 сынып қыздарына арналған ерекше пікір алмасу кеші өткізілді.
Сабақтың мақсаты — жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қыз баланың болмысын дамыту, отбасындағы тәрбиенің маңызын түсіндіру.
Жиынның барысы : Қыз баланың тұлғалық қалыптасуына қойылатын талаптар талқыланды;
Қазақы тәрбиедағы ең басты құндылықтардың бірі — пәктік, инабаттылық, ибалық туралы түсінік берілді;
Отбасы бақытының құпиялары мен қыз тәрбиесіндегі жауапкершілік жайында ой бөлісті.
Ең қуантқан сәт — шараға жеңгелердің арнайы қатысып, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісуі, ақыл-кеңестер айтуы болды.
Қыздар ашық сұрақ қойып, мәнді жауаптар алып, жақсы әсермен тарады.





