Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Түркістан облысы Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы √4 лицей-интернатында 12 қыркүйек күні «Мектеп пен отбасы-бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында ата -аналар жиналысы өткізілді

Түркістан облысы Отырар ауданы Ө. Жәнібеков атындағы √4 лицей-интернатында 12 қыркүйек күні «Мектеп пен отбасы-бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында ата -аналар жиналысы өткізілді. Жиында мектеп директоры Е. Серікбаев ата -аналарды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтап ата -аналар жиналысын жүргізіп отырды. ДТЖЖО А. Жақашев «Мектеп пен отбасы - бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында баяндама жасап, баяндама барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаттары түсіндіріліп алдағы оқу жылында атқарылатын «Ата -аналарды қолдау орталығы», «Даналық мектебі» клубтарының жұмыс жоспарлары таныстырылып мүшелері сайланды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы √93 бұйрығы негізінде жасалынған білім меке месі мен ата -аналар(заңды өкілдер) арасындағы келісім шарт таныстырылды. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша мектеп психологы Д. Масанова «Буллинг және кибербуллингке ұшырағанда не істеу керек?» тақырыбында тренинг өткізді. Мектеп инспекторы Д. Ерденова «Құқық бұзушылықтың алдын -алу» тақырыбында жадынамалар айтылып, ескертулер жасалды.

#Адал азамат_біртұтас_ тәрбие