Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Тәмпіш қара» повесі негізінде «Шынайы достық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «Сөз құдіреті – сандық әлемде» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні айлығы аясында 7-«В» сынып оқушыларымен Ш.Нуржаова қазақ әдебиеті пәнінен жазушы С.Сарғасқаевтің «Тәмпіш қара» повесі негізінде «Шынайы достық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға көркем шығарманың мазмұнын терең меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесі арқылы достық, адалдық, адамгершілік сияқты асыл құндылықтардың мәнін түсіндіру. Сабақ барысында білім алушылар шығарманы жан-жақты талдап, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, топтық жұмыстарда белсенділік танытты.

Көркем шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетін саралау арқылы оқушылар шынайы достықтың мәнін ұғынып, адам бойындағы ізгі қасиеттерді бағалай білуге үйренді. Мұндай сабақтар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.