Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

Сынып сағаттары барысында білім алушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, заң мен тәртіп қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі»

2026 жылғы 25 мамыр күні «Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернат» КММ-де «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында 1–11-сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу.

Сынып сағаттары барысында білім алушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, заң мен тәртіп қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар, викториналар, дебаттар мен топтық жұмыстарға белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдіріп, құқықтық білімдерін тереңдете түсті.

Заңға құрметпен қарау – саналы ұрпақтың белгісі, ал тәртіп – тұрақты қоғамның берік негізі. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы оқушылардың азаматтық ұстанымы қалыптасып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімі нығая түседі.

Заңды құрметтеу – тәртіпті қоғамның негізі!