Выберите язык

Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«СЕНІМДІ ДОС» алдын алу бағдарламасы таныстырылды

«СЕНІМДІ ДОС» алдын алу бағдарламасы таныстырылды

Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатында «СЕНІМДІ ДОС» балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің рөлі атты алдын алу бағдарламасы мектептің әкімшілік құрамы, персоналы, педагог-психолог, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және педагогтерге таныстырылды.

Бағдарламаның басты мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балалар арасындағы эмоционалдық жайсыздық пен суицидтік қауіптің дабыл белгілерін уақытылы анықтау, қауіп жағдайында дұрыс әрекет ету алгоритмін меңгеру және өз кәсіби рөлінің шекарасын түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Кездесу барысында білім алушылардың психологиялық жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, эмоционалдық күйзеліс пен дағдарыс белгілерін анықтау, оқушымен сенімді қарым-қатынас орнату, қиын жағдайдағы балаға қолдау көрсету және қажетті жағдайда тиісті мамандарға бағыттау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар білім беру ұйымындағы қауіпсіз, қолайлы және қолдаушы психологиялық ортаны қалыптастырудағы әр қызметкердің жауапкершілігі атап өтілді.

Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Оқушыға дер кезінде көрсетілген қолдау мен түсіністік оның қиын жағдайдан шығуына маңызды ықпал етеді.