Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты
Официальный интернет-ресурс

«Сен жалғыз емессің – біз бармыз» тақырыбында 9 – сыныптар арасында Жорабекова Қ және Жолдасбекова Ж бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді.

Отырар аудандық білім бөлімі, Білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғ.Орыновтың 08.09.2025 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес кімелеттік жасқа толмағандар арасында өз – өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында апталық іс – шара жоспарына сәйкес Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей – интернатында 25.09.2025 жыл «Сен жалғыз емессің – біз бармыз» тақырыбында 9 – сыныптар арасында Жорабекова Қ және Жолдасбекова Ж бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді.

Тақырыбы: «Сен жалғыз емессің – біз бармыз»

Сынып: 9 сынып

Мақсаты:

  • Оқушылар арасында сенімділік пен қолдау сезімін арттыру;
  • Бір-бірін сыйлау, жылы сөз айту, топтық бірлікті нығайту;
  • Достық пен қамқорлықтың маңызын сезіндіру.

Дайындағандар: Қ.Жорабекова, Ж. Жолдасбекова

Өтілу әдісі: Дөңгелек үстел.

Өтілген орыны: Мектеп кітапханасы.

Қорытынды: Оқушылар еркін өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті. Қызығушылық танытып, өздерінің жалғыз емес екендігін түсінді.