«Саз әлемінің сардары »
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Оқуға оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ө.Жәнібеков лицей-интернат кітапханасында «Оқитын сынып» 6-а сынып оқушыларының қатысуымен «Саз әлемінің сардары » атты тақырыптық кеш өткізілді.
Ұлт өнерінің дамуына зор үлес қосқан Ахмет Жұбановтың еңбектері – қазақ халқының рухани қазынасының асыл бөлігі. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Ахмет Жұбановтың мұрасы – мәңгілік. Оның шығармалары мен еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берері сөзсіз.





