Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні айлығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – жай ғана пәндік шараның басталуы емес, бұл – ұлттық рух пен рухани құндылықтардың жаңғыруына бағытталған тағылымды кезеңнің бастамасы.
Сандық әлем – шексіз мүмкіндік алаңы.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы сөз өнерінің қуатын ерекше бағалап, адам болмысының айнасы ретінде қарастырған. Ал Мұхтар Әуезов қазақ әдебиеті арқылы ұлт рухын әлемге танытты. Осындай алыптардың мұрасын сандық дәуірде жаңа форматта насихаттау – бүгінгі білімді ұрпақтың еншісінде.
Айлық аясында:
әдеби-танымдық кештер
көркемсөз оқу байқаулары
ғылыми жобалар мен эссе сайыстары
пікірсайыс турнирлері
заманауи цифрлық шығармашылық жобалар ұйымдастырылады.
Бұл айлық – тіл тазалығы мен әдеби мұраны дәріптеудің, шығармашылық қабілетті дамытудың, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың алаңы.
Ана тіліміздің айбыны асқақтай берсін!
Сандық әлемде сөзіміз салмақты, ойымыз парасатты, болмысымыз биік болсын!





